Шара барысында қатысушылар қазақтың ұлттық киімдерінің әрбір элементіне тоқталып, оның мән-мағынасы мен ерекшеліктерін таныстырды. Әсіресе, қыз балалардың көздің жауын алатын әдемі ұлттық киімдері мен әшекей бұйымдары көрермендерді тәнті етті. Күміс әшекейлер, камзолдар мен сәукелелер ұлттық нақыштың көркемдігін айқын көрсетті.
Мерекелік шара ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, жас ұрпақтың бойында ата-баба мұрасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыруға бағытталды. Осындай игі бастамалар арқылы студенттер рухани байып, ұлттық болмысты терең түсінуге мүмкіндік алады.
Ұлттық киім – халқымыздың айнасы, мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Сондықтан да оны ұлықтау – әрбіріміздің парызымыз!
#tarbie_ortalygy_atyrau
#gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#күшіміз_бірлікте
#talap.edu.kz
#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
#салауатты_өмір_салты
#tarbie_ortalygy_atyrau
Атырау Жастары
Кайрат Сисенов
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov












