Жаңалықтар

09.04.2026 08:25

Атырау сервис колледжінде «Заң және тәртіп» тақырыбы аясында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында колледж студенттеріне арналған маңызды жиын өтті. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын түсіндіру және құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.
Жиынға Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкері, полиция аға лейтенанты Жалелов Алтынбек Бахтыбайұлы қатысып, студенттерге құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ол өз сөзінде жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы кеңінен тоқталды.
Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелер қатарында есірткі қылмысының алдын алу, зорлық-зомбылықтың және нашақорлықтың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау, колледждің ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтау, түнгі уақытта заңды өкілсіз көшеде жүрмеу, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, сондай-ақ оқу орны аумағына адамның өміріне қауіпті, денсаулыққа зиян келтіретін заттарды әкелуге қатаң тыйым салынатыны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, студенттерге құқық бұзушылықтың салдары, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері түсіндіріліп, нақты мысалдар арқылы заң талаптарын бұзудың алдын алу жолдары айтылды. Жиын барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Осындай тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастырып, саналы әрі жауапты азамат болып өсуіне ықпал етеді.

09.04.2026 08:21

Odyssey” — бұл жай ғана ойын емес, бұл сіздің шешімдеріңізді тексеретін нағыз өмір симуляциясы. Әр деңгейде сізге таңдау беріледі: дұрыс жол немесе бұрыс жол — және дәл осы таңдаулар сіздің нәтижеге қалай жететініңізді анықтайды. Қате шешім қабылдасаңыз — қиындықтарға тап боласыз, ал дұрыс бағытты таңдасаңыз — жетістікке жетесіз. Бұл ойын сізге сыни ойлауды дамытып, өмірде дұрыс шешім қабылдауды үйретеді және қауіпті идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастырады. 📲 Қазір жүктеп көріңіз — өз таңдауыңыздың нәтижесін өзіңіз көріңіз!

01.04.2026 09:26

Кездесуге Атырау ҚПБ ҚҚБ ЮПБ УПИ полиция аға лейтенанты Жалелов Алтынбек Бахтыбайұлы қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесудің негізгі мақсаты 22 наурыз мерекелік демалыс күндеріндегі қауіпсіздік шараларын сақтау және жасөспірімдер арасындағы есірткі қылмысының алдын алу, ерте жүктіліктің алдын алу, зорлық-зомбылықтың және буллингтің алдын алу, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты арттыру болды.

Құқық қорғау органдарының өкілдері студенттерге есірткі заттарының заңсыз айналымының ауыр құқықтық салдары, оның денсаулыққа тигізетін зияны туралы жан-жақты түсіндіріп өтті. Сонымен қатар ерте жүктіліктің әлеуметтік және медициналық қауіптері, зорлық-зомбылықтың түрлері мен заң алдындағы жауапкершілігі жайында нақты мәліметтер берілді.

Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мәселесіне ерекше тоқталып, 111 байланыс орталығы арқылы көмек алуға болатыны, қиын жағдайға тап болған жағдайда үнсіз қалмай, дер кезінде хабарласудың маңыздылығы айтылды.

Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алуға үлкен ықпал етеді.

Атырау сервис колледжі студенттердің қауіпсіздігі мен саналы болашағын басты назарда ұстайды.

 

#біртұтас_тәрбие #tarbie_ortalygy_atyrau #заң_тәртіп #atyrau_bilim

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

 

18.03.2026 09:42

Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастардың ақпараттық сауаттылығын арттыру болды.

Семинарға Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының эпидемиолог мамандары Серікбаева Асем Қанатқызы мен Өтебаева Ләззат Өтебайқызы қатысып, студенттерге АИТВ инфекциясының берілу жолдары, оның алдын алу шаралары, қауіп факторлары туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, мамандар жастар арасында жиі кездесетін қате түсініктерді жоққа шығарып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Мұндай шаралар жастардың денсаулыққа деген көзқарасын қалыптастырып, қауіптің алдын алуға үлкен ықпал ететіні сөзсіз.

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

 

18.03.2026 09:41

 

Шара барысында студенттер ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін іс-шараға белсенді атсалысып, халқымыздың ежелден келе жатқан салттарының бірі – Көрісу күні, яғни 14 наурыз Амал мерекесін бірге атап өтті. Мерекелік кездесуде қатысушылар бір-бірімен амандасып, ақжарма тілектерін айтып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің маңыздылығы туралы әңгімелер айтылды.

Бұл шара студенттердің ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеуге, сондай-ақ жастардың рухани тәрбиесін нығайтуға зор үлес қосты.

Осындай тағылымды шараларға қатысу арқылы Атырау сервис колледжінің студенттері ұлттық мәдениетімізді насихаттап, салт-дәстүрімізді болашақ ұрпаққа жеткізу жолында белсенділік танытып келеді.

✨ Бір жасыңмен! Амал мерекесі құтты болсын!

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov