Жаңалықтар

24.04.2026 15:34

Ішкі істер департаментінің ардагері Андакулова Гульнар Ихсановна жастарға заңдылық, тәртіп сақтау, құқықтық мәдениет және жеке жауапкершілік туралы айтып, өз тәжірибесімен бөлісті.

Кездесу барысында студенттер сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Тағылымды шара жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға оң ықпал етті.

#tarbie_ortalygy_atyrau #gylym_jogarybilim @bilim_sapasy_baqylau @ishkisaiasat_atyrau @gylym_jogarybilim #біртұтас_тәрбие #tarbie_ortalygy_atyrau #күшіміз_бірлікте #talap.edu.kz

#bilimim_otanyma #біртұтас_тәрбие_атырау #салауатты_өмір_салты #tarbie_ortalygy_atyrau

24.04.2026 15:30

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және қоғамдағы тәртіпті сақтаудың маңыздылығын түсіндіру болды.

Дәріс барысында Ішкі істер департаментінің ардагері Андакулова Гульнар Ихсановна студенттерге заңдылық, тәртіп сақтау, құқықтық мәдениет және жеке жауапкершілік тақырыптарында кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, ол өз қызметтік тәжірибесінен мысалдар келтіріп, құқық бұзушылықтың салдары мен оның алдын алу жолдары туралы түсіндірді.

Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу алаңы қалыптасты. Ардагердің өмірлік тәжірибесі мен тағылымды әңгімелері жастарға үлкен әсер қалдырып, олардың құқықтық санасының қалыптасуына оң ықпал етті.

Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар студенттердің бойында отансүйгіштік, жауапкершілік және заңға құрмет сияқты қасиеттерді дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

#tarbie_ortalygy_atyrau #gylym_jogarybilim @bilim_sapasy_baqylau @ishkisaiasat_atyrau @gylym_jogarybilim #біртұтас_тәрбие #tarbie_ortalygy_atyrau #күшіміз_бірлікте #talap.edu.kz

#bilimim_otanyma #біртұтас_тәрбие_атырау #салауатты_өмір_салты #tarbie_ortalygy_atyrau

20.04.2026 11:00

Шара барысында колледж студенттері есірткі қылмысына қатысты сот үкімінің куәгері болды. Сот отырысында өткен жылы есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту және өткізу фактісі бойынша ұсталған күдіктіге қатысты іс қаралып, нәтижесінде ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында есірткі қылмысының алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.

Осындай профилактикалық шаралар студенттерге қылмыстың салдары қаншалықты ауыр екенін түсінуге мүмкіндік беріп, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға, салауатты өмір салтын ұстануға бағыт береді.

#tarbie_ortalygy_atyrau #gylym_jogarybilim @bilim_sapasy_baqylau @ishkisaiasat_atyrau @gylym_jogarybilim #біртұтас_тәрбие #tarbie_ortalygy_atyrau #күшіміз_бірлікте #talap.edu.kz #bilimim_otanyma #біртұтас_тәрбие_атырау #салауатты_өмір_салты #tarbie_ortalygy_atyrau

 

20.04.2026 10:56

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жас ұрпаққа тарихи-мәдени құндылықтарды насихаттау мақсатында Атырау сервис колледжінің студенттері Атырау қаласында орналасқан Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би ескерткіштерінің маңына барып, олардың тарихымен танысты. Іс-шара барысында студенттер қазақ халқының ұлы билерінің ел бірлігі мен әділдігін сақтаудағы рөлі туралы мәліметтер алып, рухани танымдарын кеңейтті.

Сонымен қатар, акция аясында ескерткіштер айналасында тазалық жұмыстары жүргізіліп, аумақ қоқыстан тазартылып, абаттандыру шаралары атқарылды. Студенттер табиғатты қорғау, тарихи мұраларға құрметпен қарау – әрбір азаматтың парызы екенін түсініп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосты.

Аталған шара студенттердің патриоттық сезімін арттырып, тарихи-мәдени мұраларды сақтауға деген жауапкершілігін нығайтуға ықпал етті.

#tarbie_ortalygy_atyrau #gylym_jogarybilim @bilim_sapasy_baqylau @ishkisaiasat_atyrau @gylym_jogarybilim #біртұтас_тәрбие #tarbie_ortalygy_atyrau #күшіміз_бірлікте #talap.edu.kz

#bilimim_otanyma #біртұтас_тәрбие_атырау #салауатты_өмір_салты #tarbie_ortalygy_atyrau

14.04.2026 14:08

Атап айтқанда, «Қазақтың ұлттық тағамдары» номинациясы бойынша 1-орынды 1 курс, ТЛ-25/1 тобының студенті Амангелді Ернұр иеленді. Жетекшісі:Жунисова Батима Буранкуловна.

Сонымен қатар, «Арт класс Q-1» номинациясы бойынша 3-орынға ие болды.

Ал «Кербез Fashion» байқауында «Меруерт» топтамасымен 3-орынды 3 курс студенті т-21 тобының студенті  Мынбаева Арманай жеңіп алды. Жетекшісі:Сисен Айгүл Амандыққызы.

Студент сайысқа алып барған топтамасына өз ұстазы — колледжіміздің мақтанышы, ардагер ұстаз, сән технологиясы бойынша өндірістік оқыту шебері Айтжанова Мерует Бахитовна апайымыздың атын берді.

Ұстазына деген шынайы ризашылығы мен құрметін осылай білдірген шәкірт байқауда жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орынмен оралды.

Атырау сервис колледжі белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Бұл — ұстаз еңбегінің ақталғанының, шәкірт таланты мен еңбегінің жемісі.

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov