Атырау сервис колледжінің студенттері «Заң және тәртіп» жобасы аясында Атырау қалалық сотында өткен ашық сот процесін ZOOM платформасы арқылы бақылап қатысты

Шара барысында колледж студенттері есірткі қылмысына қатысты сот үкімінің куәгері болды. Сот отырысында өткен жылы есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту және өткізу фактісі бойынша ұсталған күдіктіге қатысты іс қаралып, нәтижесінде ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында есірткі қылмысының алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.

Осындай профилактикалық шаралар студенттерге қылмыстың салдары қаншалықты ауыр екенін түсінуге мүмкіндік беріп, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға, салауатты өмір салтын ұстануға бағыт береді.

#tarbie_ortalygy_atyrau #gylym_jogarybilim @bilim_sapasy_baqylau @ishkisaiasat_atyrau @gylym_jogarybilim #біртұтас_тәрбие #tarbie_ortalygy_atyrau #күшіміз_бірлікте #talap.edu.kz #bilimim_otanyma #біртұтас_тәрбие_атырау #салауатты_өмір_салты #tarbie_ortalygy_atyrau

 


Жарияланды: 20.04.202611:00

Автор: