Жаңалықтар

05.11.2026 08:12

Атырау сервис колледжінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтар бірлестігінің онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті.
Онкүндік аясында «Технолог», «Аспаз», «Кондитер», «Наубайшы» біліктіліктері бойынша білім алушылардың кәсіби шеберлігін шыңдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында түрлі танымдық, шығармашылық және кәсіби бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылады.
Алдағы он күн ішінде бекітілген жоспарға сәйкес ашық сабақтар, шеберлік сабақтары, кәсіби байқаулар, сайыстар мен қызықты кездесулер өткізу жоспарлануда.
Мақсатымыз – болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту және таңдаған мамандығына деген қызығушылығын нығайту!
Барлық қатысушыларға сәттілік, шығармашылық шабыт және кәсіби жетістіктер тілейміз!
Дәм мен дәстүр тоғысқан кәсіби шеберлік онкүндігіне қош келдіңіздер! ‍‍
#АтырауСервисКолледжі
#МамандықтарБірлестігі
#Онкүндік

22.10.2026 08:10

Көрменің басты мақсаты – білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру және қалдықтарды қайта пайдалану арқылы табиғи ресурстарды үнемдеудің маңыздылығын түсіндіру.

Көрмеге қатысқан топтар өздерінің шығармашылық идеялары мен ерекше қолөнер бұйымдарын ұсынып, белсенділік танытты. Қалдық материалдардан жасалған туындылар қатысушылардың қиялы мен шеберлігін, табиғатқа деген жанашырлығын көрсетті.

Көрмеге белсене қатысып, шығармашылық қабілеттерін танытқан топтар Алғыс хаттармен марапатталды.

✨ Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың міндетіміз! Қалдыққа жаңа өмір сыйлау арқылы біз қоршаған ортаға қамқорлық жасап, жасыл болашаққа қадам басамыз!

Ұйымдастырушылар: химия және биология пәндерінің оқытушылары Джулдаева Г. Т., Мусагалиева И. Т.

#repuclicday #меніңқазақстаным #repuclicdaykazakhstan #республикакүні #атыраусервисколледжі

 

22.10.2026 08:08

Шара барысында студенттер еліміздің тарихы, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, мемлекеттік рәміздері туралы сұрақтарға жауап берді. Куиз бірнеше кезеңнен тұрып, қатысушылар өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын және жылдам ойлау қабілеттерін көрсетті. Танымдық сайыс студенттердің белсенді қатысуымен қызықты әрі тартысты өтті. Қатысушылар Қазақстанның өткені мен бүгіні туралы білімдерін толықтырып, туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттырды.

02.07.2026 08:12
Биыл колледжді 260 студент аяқтап, олардың 8-і үздік диплом иегері атанды.
Колледж қабырғасында алған білім мен тәжірибе енді жас мамандардың кәсіби өміріндегі басты тірегіне айналмақ. Тігін өндірісі мен киімдерді үлгілеу, қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру, қонақ үй бизнесі, кондитер ісі, туризм, шаштараз өнері, нан пісіру және макарон-кондитер өндірісі бағыттары бойынша білім алған түлектер еңбек нарығына жолдама алып отыр.
Салтанатты жиында сөз сөйлегендер түлектерге ақ жол тілеп, қандай салада еңбек етсе де кәсібіне адал болып, ел игілігі үшін қызмет етуге шақырды.
Әр дипломның артында мыңдаған сағаттық еңбек, талай сынақ пен үлкен үміт жатыр. Сондықтан бүгінгі қуаныш – тек түлектердің ғана емес, олардың жанынан табылған ұстаздар мен ата-аналардың да ортақ мерекесі.
Жас мамандарға сәттілік, кәсіби табыс пен жарқын болашақ тілейміз!