Жаңалықтар

03.12.2025 09:44

Атырау қаласында өткен “Ұрпағыңмен мың жаса” жобасы аясында ауқымды жүгіру марафоны ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – әке мен бала арасындағы байланысты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және отбасылық спорт мәдениетін дамыту болды.

Марафонға Атырау облысы бойынша 250 бала мен 250 әке қатысып, үлкен белсенділік танытты. Осы ауқымды спорттық шараға біздің колледж атынан “Аспаз-73” тобының 1 курс студенті Заитов Артур әкесі Сариев Асылбекпен бірге қатысып, жоғары нәтижелерімен көпшіліктің ықыласына бөленді.

Нәтижелері:

Заитов Артур – 3 км қашықтықты 250 қатысушының ішінен 5-ші болып бағындырды;

Сариев Асылбек – 5 км қашықтықта 250 қатысушы арасынан 8-ші болып мәре сызығын қиды.

Жарыс қорытындысы бойынша Заитовтар отбасы арнайы сертификаттармен және медальдармен марапатталды.

Отбасылық үлгі-өнеге көрсетіп, колледжіміздің атын абыроймен танытқан Заитов Артур мен Сариев Асылбекті шын жүректен құттықтаймыз!

Жетістіктеріңіз молайып, жаңа белестерді бағындыра беріңіздер!

03.12.2025 09:43

Шараның негізгі мақсаты – әкелер мен балалар арасындағы байланысты нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ жас ұрпақтың білімге, ынтымаққа және белсенді өмірлік ұстанымға деген қызығушылығын арттыру.

Аталған байқауға Атырау сервис колледжінің атынан әке – Мендигалиев Рустембек және оның ұлы, “Наубайшы-19” тобының 1 курс студенті – Жумагалиев Ахмад Рустембекович қатысып, жоғары нәтижелер көрсетіп, арнайы сертификатпен марапатталды.

Бұл шара әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлінің ерекше маңызын айқындап, отбасы арасындағы өзара сыйластық пен қолдаудың құндылығын көрсетті. Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысатын әкелер қатары артсын деп тілейміз!

Қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!

Отбасыларыңызға амандық, береке және әлі де талай жетістіктерге жете берулеріңізді тілейміз!

03.12.2025 09:42

2025 жылдың 20-23 қараша аралығында Түркия елінде өткен GASTRO ANTALYA халықаралық фестивалі – әлемнің үздік аспаздары мен кондитерлерін бір алаңда тоғыстыратын беделді бәсеке. Бүгін де бұл фестивальдің бәсі биік, бағасы жоғары,соңғы алты жылдың ішінде осы алаңда 25 елден келген 400 мыңнан астам кәсіби маман мен жас шеберлер өзара сайысып, тәжірибе алмасқан.
Биылғы байқауда Атырау облысы Білім беру басқармасына қарасты «Атырау сервис колледжінің» 3-курс студенттері Исеналиев Ислам аспаз ісі құзыреттілігі бойынша III орын, ал Жетписханова Айжан II орын иеленді. Бұл – еліміздің білім беру саласы мен техникалық және кәсіптік мамандықтардың дамуындағы маңызды жетістік. Жас аспаздарымыздың бұл табысы – тынымсыз дайындықтың, кәсібіне деген адалдықтың жемісі.
Сонымен қатар әлеуметтік серіктестеріміз – ЖК «Бостан», қазақы үлгідегі «Сарқыт» мейрамханасының бас аспазы Құрманбеков Бағытжанға қолдау көрсеткендері үшін зор алғысымызды білдіреміз. Жеңіс құтты болсын.

03.12.2025 09:41

«Қауіпсіздік әлемі — қазіргі заман» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің күнделікті өмірдегі қауіпсіздік туралы түсініктерін қалыптастыру, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау, өмірі мен денсаулығын сақтаудың маңызын ұғындыру.

Тәрбие сағаты барысында студенттерге:

тұрмыстық қауіпсіздік ережелері;

төтенше жағдайлардың алдын алу жолдары;

қоғамдық орындардағы өзін-өзі ұстау мәдениеті;

онлайн қауіпсіздік пен кибергигиена талаптары түсіндірілді.

Сонымен қатар, аталмыш шара жасөспірімдердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, өз өмірі мен айналасындағылардың амандығына жауапкершілікпен қарауға бағытталды. Студенттер белсенді қатысып, тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті.

03.12.2025 09:41

ЖАНАШЫР. ЖАНАШЫЛ. ЖЕТЕКШ! кураторлар онкүндігі шарасы ұйымдастырылды.

☘️Осы негізде КМКҚ Атырау сервис колледжі кураторы Джулдаева Г.Т Наубайшы-19 және Аспаз -64 топтарында

“Z ұрпағының тілін анықтау формулалары” тақырыбында топ сағаты өтті.

📍Мақсаты: Z ұрпағының (2000 жылдан кейін туған жастардың) қарым-қатынас ерекшеліктерін, тілдік бейнесін және заманауи коммуникация құралдарын түсіну; ұрпақтар арасындағы тілдік көпірі.

Тіл үнемі өзгеріп отырады – бұл қалыпты жағдай.

Әрқашан жай ғана тыңдап, жаңа нәрсені үйрену ғана емес өз ойын білдіруге, әлемде өз орнын табуға, шындықты әзілмен сынауға тырысу.