Жаңалықтар

25.12.2025 15:24

 

Атырау сервис колледжінің студенттері колледж ұжымын, ардақты ұстаздарды және білім алушы студенттерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Бұл жарқын мереке әрбір жанға жаңа үміт, жаңа мақсат пен тың серпін сыйлайды.

 

Өтіп бара жатқан жыл білім мен тәрбие жолында үлкен еңбек пен табыстарға толы болды. Ұстаздардың қажырлы еңбегі мен студенттердің талпынысының арқасында көптеген жетістіктерге қол жеткізілді. Алдағы жылда да бірлік пен ынтымақ сақталып, жаңа белестер бағындырылады деп сенеміз.

 

Жаңа жыл әр шаңыраққа шаттық пен береке, зор денсаулық пен сәттілік әкелсін. Ұстаздарымыздың еңбегі жемісті, студенттеріміздің жолы ашық болсын. Жаңа жыл құтты болсын!

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

25.12.2025 10:09

Бүгін,яғни 23 желтоқсан күні 2курс " К-11"тобында "Қазақ тілі мен әдебиеті "пәнінен емтихан
басталар алдында пән мұғалімі Гулзия Беккалиевна студенттерді сынақ алдында бойларындағы
қорқыныш пен сенімсіздіктен арылтып, оларға бір серпіліс беріп, жүздеріне қуаныш ұялатып ,
бәрі жақсы болатындығына сенім барына сендіру үшін әдіс-тәсілдерді қолдана білді. Алғашқы
сынаққа келген топ студенттерінің есік алдынан-ақ көңіл-күйлері көтеріліп, еркін түрде
амандасып,бойлары ширап,берілген аз ғана мүмкіндіктің өзі оларға қуаныш сыйлап қана қоймай,
мұғаліммен арадағы қарым-қатынасты нығайып, сынақтан сүрінбей өткен болатын.
#tarbie_ortalygy_atyrau
#gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#күшіміз_бірлікте
#talap.edu.kz
#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
#салауатты_өмір_салты
#tarbie_ortalygy_atyrau
Атырау Жастары
Кайрат Сисенов
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

25.12.2025 10:04

 

Еліміздің мерейін асырып, кәсіби шеберліктің биік деңгейін көрсеткен

«WorldSkills Kazakhstan – 2025» чемпионатының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! 🎉👏

Бұл жеңіс – табанды еңбектің, үздіксіз ізденістің, жоғары жауапкершілік пен үлкен мақсатқа деген сенімнің нәтижесі. Сіздер өз біліктіліктеріңізбен, шеберліктеріңізбен және білімге деген құлшыныстарыңызбен еліміздің болашағы – білікті маман екенін дәлелдедіңіздер.

Алдағы уақытта да бағындырар асуларыңыз көп болып, биік белестерден көріне берулеріңізге тілектеспіз. Әр жетістік жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, ел игілігіне қызмет етсін!

Сіздердің асуларыңыз көп болсын!

Жеңістеріңіз құтты болсын! 🏆✨

Еліміз аман, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! 💙

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

25.12.2025 10:02

 

«Синтетикалық есірткілер және лудомания – қазіргі заманның өзекті мәселелері» тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді.

Дәрістің мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, синтетикалық есірткілер мен құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу, сондай-ақ жастардың құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыру.

Кездесу барысында студенттер дәріске үлкен қызығушылық танытып, белсенді түрде қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Әңгіме барысында синтетикалық есірткілер мен лудоманияның адам психикасына, денсаулығына, әлеуметтік өміріне және қоғамға тигізетін зияны жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар тәуелділіктің алдын алу жолдары, зиянды әдеттерден сақтану және қиын жағдайларда көмекке жүгіну тәсілдері туралы маңызды ақпарат берілді.

Студенттер өз ойларымен бөлісіп, пікірталасқа қатысып, пайдалы әрі қажетті мәліметтер алды. Іс-шараға 30 студент қатысты.

Аталған дәріс 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылып, студенттер арасында нашақорлықтың алдын алуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.

Жастар – біздің болашағымыз!

Есірткісіз өмір – жарқын өмір!

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

08.12.2025 15:54

Атырау сервис колледжінде жас маманның кәсіби жолдағы алғашқы қадамы ерекше форматта өтті. Ол «Мемлекеттік стратегиялар және Қазақстан Республикасының даму бағдарламалары» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, тыңдаушыларға еліміздің қазіргі даму бағыттары, ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттары және негізгі мемлекеттік бағдарламалар туралы мазмұнды ақпарат ұсынды.

Сабақ барысында:

• Қазақстанның стратегиялық құжаттары жан-жақты талданды;

• «Қазақстан–2050», «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам», ұлттық жобалар және өңірлік даму бағдарламалары қарастырылды;

• Студенттердің ойлау қабілетін дамытатын интерактивті тапсырмалар қолданылды;

• Қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, талқылауға белсенді қатысты.

Жас маман кәсіби шеберлігін көрсете отырып, заманауи педагогикалық әдістерді тиімді пайдаланып, сапалы білім берудің үлгісін танытты.

📸 Бұл ашық сабақ жас маманның болашақтағы үлкен жетістіктерінің бастауы болғай!

#serviscol