Атырау сервис колледжінің студенттері Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейі ғимаратында өткен «Бір жасыңмен!» атты мерекелік шараға қатысты.

 

Шара барысында студенттер ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін іс-шараға белсенді атсалысып, халқымыздың ежелден келе жатқан салттарының бірі – Көрісу күні, яғни 14 наурыз Амал мерекесін бірге атап өтті. Мерекелік кездесуде қатысушылар бір-бірімен амандасып, ақжарма тілектерін айтып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің маңыздылығы туралы әңгімелер айтылды.

Бұл шара студенттердің ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеуге, сондай-ақ жастардың рухани тәрбиесін нығайтуға зор үлес қосты.

Осындай тағылымды шараларға қатысу арқылы Атырау сервис колледжінің студенттері ұлттық мәдениетімізді насихаттап, салт-дәстүрімізді болашақ ұрпаққа жеткізу жолында белсенділік танытып келеді.

✨ Бір жасыңмен! Амал мерекесі құтты болсын!

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov


Жарияланды: 18.03.202609:41

Автор: