Саламатсызба колледж қвзметі тәрбие бөліміне саласыздар
Атырау сервис колледжінде «Жат ағымдардан сақтанудың тиімді тәсілдері» тақырыбында студенттерге арналған ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, теріс және радикалды ағымдардың алдын алу, олардың зияны туралы түсіндіру болды.
Аталған кездесуге ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Адилдиев Қуаныш Ұзақбаевич және теолог маман Оразғалиев Қуаныш Қайратұлы арнайы қатысып, студенттерге жат ағымдардың белгілері, олардың қоғамға тигізетін кері әсері және одан сақтанудың тиімді жолдары туралы кеңінен ақпарат берді.
Кездесу барысында мамандар жастарды діни ақпаратты тек сенімді, ресми дереккөздерден алуға, күмәнді топтар мен шақырулардан аулақ болуға, сыни ойлау қабілетін дамытуға шақырды. Сонымен қатар, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, ашық пікір алмасу алаңы қалыптасты.
Осындай тағылымды шаралар жастардың дұрыс бағытта қалыптасуына, олардың саналы әрі жауапты азамат болып өсуіне үлкен ықпал етеді.
Атырау сервис колледжі алдағы уақытта да студенттердің қауіпсіздігі мен рухани дамуына бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береді.


