2026 жылдың 14 сәуір күні «Атырау сервис» колледжінің студенттері тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес және ЮПБ полиция аға лейтенанты Жәлелов Алтынбек Бахтыбайұлының қатысуымен «Заң және тәртіп» тақырыбы аясында Атырау облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына экскурсияға қатысты

Экскурсия барысында білім алушыларға құқық қорғау органдарының заманауи жұмыс жүйесі кеңінен таныстырылды. Студенттер Атырау облысы аумағында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында орнатылған бейнебақылау камераларының жұмыс істеу қағидаларымен танысып, олардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңыздылығын түсінді.
Сонымен қатар, Жедел басқару орталығы қызметкерлерінің күнделікті қызметі, жедел әрекет ету тәсілдері және азаматтардың қауіпсіздігін сақтау бағытындағы атқаратын жұмыстары жөнінде жан-жақты мәлімет алды. Экскурсия барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу және құқық бұзушылықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
#tarbie_ortalygy_atyrau
#gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#күшіміз_бірлікте
#talap.edu.kz
#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
#салауатты_өмір_салты
#tarbie_ortalygy_atyrau
Атырау Жастары
Кайрат Сисенов
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov
 


Жарияланды: 14.04.202613:47

Автор: