Атырау сервис колледжінің Тігінші-27 тобында «Отбасы – қамқорлық мекені» тақырыбында тәрбиелік мәні зор топ сағаты өткізілді. Топ жетекшісі А.М. Телеугалиева студенттерге отбасының адам өміріндегі маңызы, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сүйіспеншілігі, құрметі мен қамқорлығы туралы түсіндірді. Топ сағаты барысында студенттер отбасылық құндылықтар, ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, өзара түсіністік пен жауапкершілік туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, отбасы – әр адамның жылулық пен мейірім табатын, қолдау көрсететін қасиетті мекені екені айтылды. Студенттер өз отбасылары туралы әңгімелеп, отбасы құндылықтарының адам өміріндегі орны туралы пікірлерін білдірді. Отбасы – сүйіспеншілік пен мейірімнің бастауы, тәрбие мен адамгершіліктің алтын бесігі! #АтырауСервисКолледжі #ОтбасыҚамқорлықМекені #ОтбасылықҚұндылықтар #Тігінші27 #АдалАзамат
Тәрбие жұмысы
Атырау сервис колледжінде «Өндірістегі 10 күн» акциясы аясында білім алушылардың кәсіби бағдарын арттыру және өндіріс орындарымен байланысын нығайту мақсатында «Студент – өндіріс көзімен» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында колледждің әлеуметтік серіктесі –«BORKIT SAFETY» ЖШС мекемесіне арнайы экскурсия жасалып, студенттер өндіріс барысымен танысты. Экскурсия кезінде білім алушылар өндірістегі жұмыс үдерісін өз көздерімен көріп, мамандардың еңбек қызметіне қойылатын талаптармен танысты. Сонымен қатар студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өндіріс мамандарынан кәсіби бағытта нақты жауаптар алды. «Болашақтағы менің жұмыс орным» тақырыбында өткен кездесу студенттерге таңдаған мамандығының қыр-сырын тереңірек түсінуге, еңбек нарығының талаптарын білуге және болашақ кәсіби жолын жоспарлауға мүмкіндік берді. Осындай іс-шаралар білім алушылардың теориялық білімін өндірістік тәжірибемен ұштастырып, болашақ маман ретінде қалыптасуына зор ықпал етеді. Ынтымақтастық пен қолдауы үшін колледждің әлеуметтік серіктесі «BORKIT SAFETY» ЖШС мекемесінің мамандарына алғысымызды білдіреміз! #АтырауСервисКолледжі #өндірістегі10күн #тәрбиеқұндылықбөлімі #біртұтастәрбие #тәрбиесағаты «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясындағы «Ашық есік» күні Атырау сервис колледжінің студенттері Атырау облысының мемлекеттік архивінде «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында ұйымдастырылған «Ашық есік» күніне қатысты. Іс-шара барысында студенттер архив қорында сақталған тарихи маңызы зор құжаттармен, фотосуреттермен және құнды деректермен танысып, туған өлкенің тарихына қатысты маңызды мәліметтер алды. Сонымен қатар өңірімізде әр жылдары орын алған тарихи оқиғалар мен қоғамдық өзгерістерді бейнелейтін тарихи көрмелерді тамашалады. Архив – өткен тарих пен бүгінгі ұрпақты байланыстыратын құнды рухани қазына. Архив құжаттары арқылы студенттер туған жердің тарихын тереңірек танып, тарихи мұраны құрметтеудің, оны сақтап, келешек ұрпаққа жеткізудің маңызын түсінді. Мұндай тағылымды кездесулер жастардың тарихи танымын кеңейтіп, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және тарихи санасын қалыптастыруға үлкен ықпал етеді. Іс-шараға қатысқан студенттерге тарихи деректермен жақын танысып, өткеннен тағылым алуға мүмкіндік берген Атырау облысының мемлекеттік архиві ұжымына алғыс білдіреміз!
8 қалалық кітапханасы кітапханашы Есболатқызы Айдана Атырау сервис колледжі кітапханашыларының ұйымдастыруымен колледж студенттерінің қатысуымен жазушы Б. Нұржекеұлының туғанына 85 жыл толуына орай «Адам сыры – өмір сыры» атты кітап көрмесін өткізді. Шара барысында оқырмандар жазушының өмірі мен шығармашылығымен, көпшілік оқырман қызыға оқитын таңдаулы кітаптарымен танысты. Кітап көрмесіне жазушының повестері, әңгімелері мен романдары қойылып, шығармаларындағы адамгершілік, махаббат, отбасы құндылықтары және өмір шындығы туралы ойлар кеңінен насихатталды. Кездесу барысында студенттер жазушының шығармалары бойынша өз пікірлерін білдіріп, қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Әдеби шара оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларын кеңінен танытуға мүмкіндік берді. #АдамСырыӨмірСыры #БНұржекеұлы #КітапКөрмесі #Кітапхана #ӘдебиШара КітапОқу Атырау
«Заң және тәртіп» – қауіпсіз қоғам кепілі Атырау сервис колледжінің студенттері арасында «Заң және тәртіп» қағидатын насихаттау, құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық кездесу өткізілді. Кездесуге Атырау ҚПБ ҚҚБ ЮПБ аға УПИ, полиция аға лейтенанты Жолдығали Бекарыс Нұрболатұлы қатысып, студенттермен маңызды мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында: нашақорлықтың алдын алу және есірткі заттарының адам өмірі мен денсаулығына тигізетін зияны; есірткі қылмысына байланысты заң талаптары және оның салдары; құқық бұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын сақтау; буллинг пен кибербуллингтің алдын алу; интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік және жауапкершілік; қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар студенттерге Авангард-4 мөлтек ауданы мен Сәтпаев даңғылы, 3А үйінің алдына топтасып жиналмау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, сондай-ақ түнгі уақытта заң талаптарын сақтап, көшеде себепсіз жүрмеу жөнінде ескертулер берілді. Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауаптар алды. Құқық қорғау органдары өкілі жастарды заңды құрметтеуге, тәртіпті сақтауға, құқық бұзушылыққа жол бермеуге және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды. Мұндай профилактикалық кездесулердің басты мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту және құқық бұзушылықтың алдын алу. Заңды білу – міндет, Заңды сақтау – жауапкершілік! #АтырауСервисКолледжі #ЗаңЖәнеТәртіп #ҚұқықБұзушылықтыңАлдынАлу #ЖастарҚауіпсіздігі #БуллингкеЖолЖоқ


