8 қалалық кітапханасы кітапханашы Есболатқызы Айдана Атырау сервис колледжі кітапханашыларының ұйымдастыруымен колледж студенттерінің қатысуымен жазушы Б. Нұржекеұлының туғанына 85 жыл толуына орай «Адам сыры – өмір сыры» атты кітап көрмесін өткізді

8 қалалық кітапханасы кітапханашы Есболатқызы Айдана Атырау сервис колледжі кітапханашыларының ұйымдастыруымен колледж студенттерінің қатысуымен жазушы Б. Нұржекеұлының туғанына 85 жыл толуына орай «Адам сыры – өмір сыры» атты кітап көрмесін өткізді. Шара барысында оқырмандар жазушының өмірі мен шығармашылығымен, көпшілік оқырман қызыға оқитын таңдаулы кітаптарымен танысты. Кітап көрмесіне жазушының повестері, әңгімелері мен романдары қойылып, шығармаларындағы адамгершілік, махаббат, отбасы құндылықтары және өмір шындығы туралы ойлар кеңінен насихатталды. Кездесу барысында студенттер жазушының шығармалары бойынша өз пікірлерін білдіріп, қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Әдеби шара оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларын кеңінен танытуға мүмкіндік берді. #АдамСырыӨмірСыры #БНұржекеұлы #КітапКөрмесі #Кітапхана #ӘдебиШара КітапОқу Атырау


Жарияланды: 20.10.202608:30

Автор: