Тәрбие жұмысы

20.10.2026 08:58

Отбасы – әр адамның жүрегіне жылу сыйлайтын, қуаныш пен қиындықта бірге болатын ең қымбат мекен. Береке мен бірлік, сыйластық пен мейірім – отбасының басты құндылықтары. Барша отбасыларға амандық, бақыт, татулық пен шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз! Отбасы – бақыттың бастауы! ❤️ #Оtbasym2026 #атыраусервисколледжі #tarbie_ortalygy_atyrau #атыраубілім #біртұтас_тәрбие_атырау

20.10.2026 08:57

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани қазынасы. Туған тілімізді құрметтеу – елдігімізді, ұлттық құндылықтарымызды құрметтеу. 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай Атырау сервис колледжінде тілдің қадір-қасиетін дәріптеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және көптілділікті насихаттау мақсатында түрлі тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды. ✨ «Тіл – татулықтың тірегі, бірліктің белгісі» атты іс-шаралар барысында студенттер ана тіліне деген сүйіспеншілігін білдіріп, өлең оқып, мақал-мәтелдер айтып, тіл туралы өз ойларымен бөлісті. Тіл – халықты біріктіретін ұлы құндылық. Ана тіліміз – ардақтымыз, мемлекеттік тіліміз – мақтанышымыз! Баршаңызды Қазақстан халқы тілдері күнімен құттықтаймыз! Тіліміз тұғырлы, еліміз бірлікті болсын! #ТілдерМерекесі #ҚазақстанХалқыТілдеріКүні #АтырауСервисКолледжі #МемлекеттікТіл #ТілТатулықТірегі

20.10.2026 08:56

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында белсенділік танытып, колледж аумағында сенбілік ұйымдастырды. Сенбілікке колледж қызметкерлері мен білім алушылары белсене қатысып, оқу орнының аумағын тазалау, қоқыстарды жинау, абаттандыру және айналаны көркейту жұмыстарын жүргізді. Бірлік пен ұйымшылдықты көрсете отырып, ұжым мүшелері қоршаған ортаның тазалығына өз үлестерін қосты. Тазалық – әр адамның ортақ міндеті. Туған жеріміздің көркеюі мен қоршаған ортаның таза болуы – баршамызға байланысты. Таза колледж – таза орта – жарқын болашақ! «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай игі бастамалар жастарды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және табиғатты аялауға тәрбиелеуге бағытталған. ✨ Тазалықты сақтайық, табиғатты қорғайық, туған жерімізді бірге көркейтейік! #ТазаҚазақстан #АтырауСервисКолледжі #ТазаОрта #ТазаКолледж

20.10.2026 08:55

«Жаңа технология – жаңа дағды» тақырыбында тағылымды шеберлік сыныбы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерді өндірісте қолданылатын заманауи технологиялар мен құралдармен таныстыру, кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағыт беру және еңбек нарығындағы жаңа талаптармен таныстыру. Шеберлік сыныбын колледждің әлеуметтік серіктесі, ЖК «Аймурзиева» ұйымдастырып, «Тігінші» мамандығының студенттеріне тәжірибелік бағытта құнды ақпарат ұсынды. Студенттер заманауи тігін өндірісіндегі технологиялар мен құралдардың жұмысымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Сонымен қатар мамандық бойынша пікір алмасып, тәжірибеден пайдалы мағлұматтар алды. Осындай кездесулер студенттердің кәсіби қызығушылығын арттырып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық – сапалы маман даярлаудың маңызды кепілі! #біртұтас_тәрбие #tarbie_ortalygy_atyrau #атыраубілім #atyrau_bilim_bolimi #біртұтастәрбие

20.10.2026 08:53

«Өндірістің бүгінгі талабы» іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — студенттерді өз мамандығы бойынша нақты өндірістік ортамен таныстыру, еңбек нарығының талаптарын түсіндіру және кәсіби қызығушылығын арттыру. Осы мақсатта «Тігінші» мамандығының студенттері «Өнерпаз-Алия» ЖШС өндірістік кәсіпорнына экскурсия жасап, кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты. Экскурсия барысында студенттер: заманауи өндіріс үдерісін өз көздерімен көрді; нақты жұмыс орнымен танысты; тігін өндірісіндегі еңбек ерекшеліктерін білді; мамандардың жұмыс тәжірибесіне қанықты; өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті жауаптар алды. Мұндай кәсіби экскурсиялар студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. #біртұтас_тәрбие #tarbie_ortalygy_atyrau #атыраубілім #atyrau_bilim #біртұтас_тәрбие_атырау