«Жаңа технология – жаңа дағды» шеберлік сыныбы Атырау сервис колледжінде «Өндірістегі 10 күн» акциясы аясында

«Жаңа технология – жаңа дағды» тақырыбында тағылымды шеберлік сыныбы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерді өндірісте қолданылатын заманауи технологиялар мен құралдармен таныстыру, кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағыт беру және еңбек нарығындағы жаңа талаптармен таныстыру. Шеберлік сыныбын колледждің әлеуметтік серіктесі, ЖК «Аймурзиева» ұйымдастырып, «Тігінші» мамандығының студенттеріне тәжірибелік бағытта құнды ақпарат ұсынды. Студенттер заманауи тігін өндірісіндегі технологиялар мен құралдардың жұмысымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Сонымен қатар мамандық бойынша пікір алмасып, тәжірибеден пайдалы мағлұматтар алды. Осындай кездесулер студенттердің кәсіби қызығушылығын арттырып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық – сапалы маман даярлаудың маңызды кепілі! #біртұтас_тәрбие #tarbie_ortalygy_atyrau #атыраубілім #atyrau_bilim_bolimi #біртұтастәрбие


Жарияланды: 20.10.202608:55

Автор: