МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ НАСИХАТТАУ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ҚҰРМЕТТЕУ Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі Ұлттық орталықтың 2026 жылғы 4 тамыздағы хатына сәйкес, Атырау сервис колледжінің ұжымына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібі бойынша түсіндіру семинары өткізілді. Семинар барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы №873 қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ Мемлекеттік Ту мен Мемлекеттік Елтаңбаны пайдалану, сақтау және орналастыру талаптары түсіндірілді. Іс-шараны колледждегі ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия ұйымдастырды. Семинар барысында мемлекеттік рәміздерді белгіленген талаптарға сай пайдалану, олардың сыртқы келбетіне қойылатын талаптарды сақтау, сондай-ақ рәміздерге ұқыпты әрі құрметпен қараудың маңыздылығы атап өтілді. Мемлекеттік рәміздер – ел тәуелсіздігінің, бірлігінің және ұлттық рухтың айқын белгісі. Оларды құрметтеу – әр азаматтың ортақ міндеті! #АтырауСервисКолледжі #МемлекеттікРәміздер #Ту #Елтаңба #ЗаңЖәнеТәртіп ҰлттықҚұндылық













