Атырау сервис колледжінде студенттерге “Заң мен тәртіп аясында” салтанатты жиын өтті. Жиында білім алушылар арасында буллингтің алдын алу, құқық бұзушылыққа жол бермеу, жол қауіпсіздігін сақтау және колледждің ішкі тәртіп ережелері түсіндірілді
Жиынға Атырау ҚПБ ҚҚБ ЮПБ аға УПИ, полиция аға лейтенанты Жолдығали Бекарыс Нұрболатұлы қатысты. Жиын барысында жасөспірімдерге мопед көлігімен жүрмеу және студенттерге буллингтің алдын алу, оның түрлері мен зардаптары туралы түсіндіріліп, қиын жағдайға тап болған кезде көмекке жүгіну жолдары айтылды. Сонымен қатар, «111» QR коды арқылы қажетті ақпарат пен қолдау алуға болатыны түсіндірілді. Жол ережелерін сақтау және жол қауіпсіздігі мәселесіне де ерекше назар аударылды. Студенттерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жаяу жүргінші ретінде қауіпсіздік талаптарын орындау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар, колледж аумағындағы тәртіп мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқу процесі кезінде колледж территориясынан шықпау, сабақ уақытында дүкенге және басқа да орындарға бармау қажеттігі айтылды. Сондай-ақ Сәтпаев көшесі, 3А үйлерінің алдына жиналмау, тұрғындарға және айналадағы азаматтарға кедергі келтірмеу жөнінде ескертілді.


