АТА-АНАЛАРМЕН БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС – БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

АТА-АНАЛАРМЕН БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС – БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ Атырау сервис колледжінде тәрбие жұмысының жылдық жоспарына сәйкес топ кураторларының ұйымдастыруымен ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-аналармен тығыз байланыс орнату, студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылығын арттыру және жасөспірімдердің тәрбиесі мен психологиялық жағдайына бірлесіп көңіл бөлу. Кездесу барысында ата-аналарға колледждің ішкі тәртіп ережелері, құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың және зорлық-зомбылықтың алдын алу бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Колледждің педагог-психологі Ж.Б. Бекет ата-аналарға жасөспірімдердің эмоционалдық жағдайына ерекше назар аудару, олардың көңіл күйіндегі өзгерістерді дер кезінде байқау, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, сондай-ақ суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша маңызды ақпараттар берді. Ата-аналарға баламен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнату, оның мәселелеріне бейжай қарамау, баланың пікірін тыңдау және қиындық туындаған жағдайда дер кезінде мамандардың көмегіне жүгіну ұсынылды. Сонымен қатар жиналыс барысында №92 бұйрық талаптарына сәйкес ата-аналардан алынатын келісім шарттың мазмұны мен оны рәсімдеу тәртібі түсіндірілді. Ата-аналардың сұрақтарына жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Жиналыс барысында ата-аналар мен топ кураторлары арасында өзара пікір алмасу болып, студенттердің тәрбиесі, оқу үлгерімі, сабаққа қатысуы және қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Бала тәрбиесі – отбасы мен колледждің ортақ жауапкершілігі. Бірлескен жұмыс пен өзара түсіністік – қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастырудың маңызды негізі. #АтырауСервисКолледжі #АтаАнаменБірлескенЖұмыс #БіртұтасТәрбие #ЗаңЖәнеТәртіп #БалаҚауіпсіздігі


Жарияланды: 20.10.202608:17

Автор: