Тәрбие жұмысы

22.10.2026 08:10

Көрменің басты мақсаты – білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру және қалдықтарды қайта пайдалану арқылы табиғи ресурстарды үнемдеудің маңыздылығын түсіндіру.

Көрмеге қатысқан топтар өздерінің шығармашылық идеялары мен ерекше қолөнер бұйымдарын ұсынып, белсенділік танытты. Қалдық материалдардан жасалған туындылар қатысушылардың қиялы мен шеберлігін, табиғатқа деген жанашырлығын көрсетті.

Көрмеге белсене қатысып, шығармашылық қабілеттерін танытқан топтар Алғыс хаттармен марапатталды.

✨ Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың міндетіміз! Қалдыққа жаңа өмір сыйлау арқылы біз қоршаған ортаға қамқорлық жасап, жасыл болашаққа қадам басамыз!

Ұйымдастырушылар: химия және биология пәндерінің оқытушылары Джулдаева Г. Т., Мусагалиева И. Т.

#repuclicday #меніңқазақстаным #repuclicdaykazakhstan #республикакүні #атыраусервисколледжі

 

22.10.2026 08:08

Шара барысында студенттер еліміздің тарихы, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, мемлекеттік рәміздері туралы сұрақтарға жауап берді. Куиз бірнеше кезеңнен тұрып, қатысушылар өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын және жылдам ойлау қабілеттерін көрсетті. Танымдық сайыс студенттердің белсенді қатысуымен қызықты әрі тартысты өтті. Қатысушылар Қазақстанның өткені мен бүгіні туралы білімдерін толықтырып, туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттырды.

21.10.2026 08:46

2026 жылғы 20 қазанда Атырау сервис колледжінің инклюзивті тобында «Таза Қазақстан. Қалдықтарға екінші өмір сыйла» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының басты мақсаты – студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру және қалдықтарды қайта пайдалану туралы түсініктерін кеңейту. Іс-шара барысында студенттер табиғатты таза ұстаудың маңыздылығы, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, қоршаған ортаны ластамау және табиғи ресурстарды үнемдеу туралы мағлұмат алды. Практикалық жұмыстар барысында қалдық материалдарға екінші өмір сыйлау, мата қиындылары мен басқа да қолда бар материалдарды тиімді пайдаланып, пайдалы әрі әдемі бұйымдар жасау жолдары қарастырылды. Тәрбие сағаты студенттерді ұқыптылыққа, үнемшілдікке, шығармашылыққа және табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеуге бағытталды. Әрбір кішкентай әрекет қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосатынын түсіндіру маңызды болды. Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз! Қалдыққа екінші өмір сыйлау арқылы таза болашаққа қадам басайық! Өткізген: өндірістік оқыту шебері Телеугалиева Айкумыс Милатовна #ТазаҚазақстан #ҚалдықтарғаЕкіншіӨмірСыйла #ЭкологиялықТәрбие #ИнклюзивтіБілім #АтырауСервисКолледжі #ТазаОрта #ҚайтаӨңдеу

21.10.2026 08:45

МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ QUIZ САЙЫСЫ ӨТТІ 2026 жылғы 20 қазанда Атырау сервис колледжінде 10 күндік іс-шаралар аясында Республика күні мен Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – тұғырым, заң мен тәртіп – тірегім!» тақырыбында мұғалімдер арасында интеллектуалдық QUIZ сайысы өтті. Сайыстың мақсаты – педагогтердің тарихи танымын кеңейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, заң мен тәртіп қағидаттарын насихаттау, логикалық ойлау қабілеті мен жылдам шешім қабылдау дағдыларын дамыту. Интеллектуалдық сайыс барысында қатысушылар «Миға шабуыл», «Тарих сөйлейді», «Заң мен тәртіп – ел тірегі», «Ой толғау», «Жылдам жауап» кезеңдерінде өз білімдерін, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын көрсетті. Сұрақтар еліміздің тарихы, тәуелсіздік құндылықтары, ұлттық бірегейлік және заңға құрмет тақырыптарын қамтыды. ✨ Іс-шара мұғалімдердің зияткерлік әлеуетін арттыруға, әріптестік қарым-қатынасты нығайтуға және патриоттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. ‍ Сайысты ұйымдастырып, өткізген: арнаулы пән оқытушысы М.С. Дюсупова. Тәуелсіздік – ел тұғыры, заң мен тәртіп – қоғам тірегі! #АтырауСервисКолледжі #ТәуелсіздікТұғырым #ЗаңМенТәртіп #РеспубликаКүні #ИнтеллектуалдықQUIZ #ҰлттықҚұндылықтар

20.10.2026 08:59
Атырау сервис колледжінде білім алушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында маңызды кездесу өтті. Жиын барысында дропперлік, құқықбұзушылық, есірткі қылмысының алдын алу, буллинг және кибербуллинг мәселелері кеңінен талқыланды. Мамандар жастарға аталған құқықбұзушылық түрлерінің салдары мен олардан сақтану жолдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесуге Атырау облысы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Муханбеталиев Даурен Максимұлы және Ескулов Болат Карабалаевич, сондай-ақ «Шаңырақ» ОО заңгері қатысты. Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері әсіресе интернеттегі қауіпсіздікке тоқталып, бөгде адамдардың өтініші бойынша банк картасын, шотты немесе жеке деректерді берудің қауіпті екендігін атап өтті. Дропперлік әрекеттердің заң алдындағы жауапкершілігі туралы да нақты ақпарат берілді.
#bilimotanyma#біртұтастәрбие#заңментәртіп#құқықтықтәрбие#салауаттыөмірсалты