«ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ, ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ТІРЕГІМ!»
МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ QUIZ САЙЫСЫ ӨТТІ 2026 жылғы 20 қазанда Атырау сервис колледжінде 10 күндік іс-шаралар аясында Республика күні мен Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – тұғырым, заң мен тәртіп – тірегім!» тақырыбында мұғалімдер арасында интеллектуалдық QUIZ сайысы өтті. Сайыстың мақсаты – педагогтердің тарихи танымын кеңейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, заң мен тәртіп қағидаттарын насихаттау, логикалық ойлау қабілеті мен жылдам шешім қабылдау дағдыларын дамыту. Интеллектуалдық сайыс барысында қатысушылар «Миға шабуыл», «Тарих сөйлейді», «Заң мен тәртіп – ел тірегі», «Ой толғау», «Жылдам жауап» кезеңдерінде өз білімдерін, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын көрсетті. Сұрақтар еліміздің тарихы, тәуелсіздік құндылықтары, ұлттық бірегейлік және заңға құрмет тақырыптарын қамтыды. ✨ Іс-шара мұғалімдердің зияткерлік әлеуетін арттыруға, әріптестік қарым-қатынасты нығайтуға және патриоттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. Сайысты ұйымдастырып, өткізген: арнаулы пән оқытушысы М.С. Дюсупова. Тәуелсіздік – ел тұғыры, заң мен тәртіп – қоғам тірегі! #АтырауСервисКолледжі #ТәуелсіздікТұғырым #ЗаңМенТәртіп #РеспубликаКүні #ИнтеллектуалдықQUIZ #ҰлттықҚұндылықтар


