«Мамандық әлеміне саяхат» — болашақ маманға бағыт! Атырау сервис колледжінде «Өндірістегі 10 күн» акциясы аясында
«Өндірістің бүгінгі талабы» іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — студенттерді өз мамандығы бойынша нақты өндірістік ортамен таныстыру, еңбек нарығының талаптарын түсіндіру және кәсіби қызығушылығын арттыру. Осы мақсатта «Тігінші» мамандығының студенттері «Өнерпаз-Алия» ЖШС өндірістік кәсіпорнына экскурсия жасап, кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты. Экскурсия барысында студенттер: заманауи өндіріс үдерісін өз көздерімен көрді; нақты жұмыс орнымен танысты; тігін өндірісіндегі еңбек ерекшеліктерін білді; мамандардың жұмыс тәжірибесіне қанықты; өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті жауаптар алды. Мұндай кәсіби экскурсиялар студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. #біртұтас_тәрбие #tarbie_ortalygy_atyrau #атыраубілім #atyrau_bilim #біртұтас_тәрбие_атырау


