«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗА ОРТА, ТАЗА БОЛАШАҚ! Атырау сервис колледжінің ұжымы

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында белсенділік танытып, колледж аумағында сенбілік ұйымдастырды. Сенбілікке колледж қызметкерлері мен білім алушылары белсене қатысып, оқу орнының аумағын тазалау, қоқыстарды жинау, абаттандыру және айналаны көркейту жұмыстарын жүргізді. Бірлік пен ұйымшылдықты көрсете отырып, ұжым мүшелері қоршаған ортаның тазалығына өз үлестерін қосты. Тазалық – әр адамның ортақ міндеті. Туған жеріміздің көркеюі мен қоршаған ортаның таза болуы – баршамызға байланысты. Таза колледж – таза орта – жарқын болашақ! «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай игі бастамалар жастарды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және табиғатты аялауға тәрбиелеуге бағытталған. ✨ Тазалықты сақтайық, табиғатты қорғайық, туған жерімізді бірге көркейтейік! #ТазаҚазақстан #АтырауСервисКолледжі #ТазаОрта #ТазаКолледж


Жарияланды: 20.10.202608:56

Автор: