«ӨНДІРІСТЕГІ ОН КҮН» АКЦИЯСЫ: КӘСІПОРЫН – КОЛЛЕДЖ СЕРІКТЕСТІГІ
Атырау сервис колледжінде «Өндірістегі он күн» акциясы аясында «Кәсіпорын – колледж серіктестігі күні» ұйымдастырылып, «Өндіріс кәсіптерінің дамуының бастауы» тақырыбында кәсіпорын өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында кәсіпорын өкілдеріне акцияның мақсаты мен міндеттері таныстырылып, білім алушылардың кәсіби даярлығын жетілдіру, өндіріс пен білім беру ұйымы арасындағы байланысты нығайту мәселелері талқыланды. Дөңгелек үстелге шаштараз, аспаз, наубайшы, әкімші көмекшісі мамандықтары бойынша кәсіпорын өкілдері қатысып, білім алушыларға: кәсіпорындағы еңбек талаптары; бос жұмыс орындары; жұмысқа орналасу мүмкіндіктері; кәсіби өсу және біліктілікті арттыру жолдары туралы ақпарат берді. Кездесу барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіпорын мамандарынан құнды кеңестер алды. Іс-шараның маңызды бөлігі – колледж бен кәсіпорындар арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою рәсімі болды. Бұл келісімдер білім алушылардың өндірістік тәжірибеден өтуіне, кәсіби дағдыларын дамытуына және болашақта жұмысқа орналасуына жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған. Кәсіпорындар мен колледж арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту – еңбек нарығының сұранысына сай білікті мамандар даярлаудың маңызды тетігі. Мұндай кездесулер білім алушылардың кәсіби бағдарын айқындауға, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға және болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Атырау сервис колледжі алдағы уақытта да жұмыс берушілермен серіктестікті дамытып, білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және олардың еңбек нарығында сұранысқа ие маман болып қалыптасуына бағытталған жұмыстарды жалғастырады.
#bilimotanyma#біртұтастәрбие#заңментәртіп#құқықтықтәрбие#салауаттыөмірсалты


