«Заң және тәртіп» – қауіпсіз қоғам кепілі

«Заң және тәртіп» – қауіпсіз қоғам кепілі Атырау сервис колледжінің студенттері арасында «Заң және тәртіп» қағидатын насихаттау, құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық кездесу өткізілді. Кездесуге Атырау ҚПБ ҚҚБ ЮПБ аға УПИ, полиция аға лейтенанты Жолдығали Бекарыс Нұрболатұлы қатысып, студенттермен маңызды мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында: нашақорлықтың алдын алу және есірткі заттарының адам өмірі мен денсаулығына тигізетін зияны; есірткі қылмысына байланысты заң талаптары және оның салдары; құқық бұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын сақтау; буллинг пен кибербуллингтің алдын алу; интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік және жауапкершілік; қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар студенттерге Авангард-4 мөлтек ауданы мен Сәтпаев даңғылы, 3А үйінің алдына топтасып жиналмау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, сондай-ақ түнгі уақытта заң талаптарын сақтап, көшеде себепсіз жүрмеу жөнінде ескертулер берілді. Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауаптар алды. Құқық қорғау органдары өкілі жастарды заңды құрметтеуге, тәртіпті сақтауға, құқық бұзушылыққа жол бермеуге және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды. Мұндай профилактикалық кездесулердің басты мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту және құқық бұзушылықтың алдын алу. Заңды білу – міндет, Заңды сақтау – жауапкершілік! #АтырауСервисКолледжі #ЗаңЖәнеТәртіп #ҚұқықБұзушылықтыңАлдынАлу #ЖастарҚауіпсіздігі #БуллингкеЖолЖоқ

 


Жарияланды: 20.10.202608:29

Автор: