«Қауіпсіздік әлемі — қазіргі заман» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің күнделікті өмірдегі қауіпсіздік туралы түсініктерін қалыптастыру, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау, өмірі мен денсаулығын сақтаудың маңызын ұғындыру.
Тәрбие сағаты барысында студенттерге:
тұрмыстық қауіпсіздік ережелері;
төтенше жағдайлардың алдын алу жолдары;
қоғамдық орындардағы өзін-өзі ұстау мәдениеті;
онлайн қауіпсіздік пен кибергигиена талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар, аталмыш шара жасөспірімдердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, өз өмірі мен айналасындағылардың амандығына жауапкершілікпен қарауға бағытталды. Студенттер белсенді қатысып, тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті.



