Жаңалықтар

25.12.2025 10:02

 

«Синтетикалық есірткілер және лудомания – қазіргі заманның өзекті мәселелері» тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді.

Дәрістің мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, синтетикалық есірткілер мен құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу, сондай-ақ жастардың құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыру.

Кездесу барысында студенттер дәріске үлкен қызығушылық танытып, белсенді түрде қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Әңгіме барысында синтетикалық есірткілер мен лудоманияның адам психикасына, денсаулығына, әлеуметтік өміріне және қоғамға тигізетін зияны жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар тәуелділіктің алдын алу жолдары, зиянды әдеттерден сақтану және қиын жағдайларда көмекке жүгіну тәсілдері туралы маңызды ақпарат берілді.

Студенттер өз ойларымен бөлісіп, пікірталасқа қатысып, пайдалы әрі қажетті мәліметтер алды. Іс-шараға 30 студент қатысты.

Аталған дәріс 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылып, студенттер арасында нашақорлықтың алдын алуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды.

Жастар – біздің болашағымыз!

Есірткісіз өмір – жарқын өмір!

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

08.12.2025 15:54

Атырау сервис колледжінде жас маманның кәсіби жолдағы алғашқы қадамы ерекше форматта өтті. Ол «Мемлекеттік стратегиялар және Қазақстан Республикасының даму бағдарламалары» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, тыңдаушыларға еліміздің қазіргі даму бағыттары, ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттары және негізгі мемлекеттік бағдарламалар туралы мазмұнды ақпарат ұсынды.

Сабақ барысында:

• Қазақстанның стратегиялық құжаттары жан-жақты талданды;

• «Қазақстан–2050», «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам», ұлттық жобалар және өңірлік даму бағдарламалары қарастырылды;

• Студенттердің ойлау қабілетін дамытатын интерактивті тапсырмалар қолданылды;

• Қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, талқылауға белсенді қатысты.

Жас маман кәсіби шеберлігін көрсете отырып, заманауи педагогикалық әдістерді тиімді пайдаланып, сапалы білім берудің үлгісін танытты.

📸 Бұл ашық сабақ жас маманның болашақтағы үлкен жетістіктерінің бастауы болғай!

#serviscol

04.12.2025 12:22

 

3–9 желтоқсан аралығында өтетін бұл додада Атырау облысының намысын Атырау облысы Білім беру басқармасына қарасты Атырау сервис колледжі 5 құзыреттілік бойынша қорғауда. Бес құзыреттілікке 5 сарапшы және 5 қатысушы студент атсалысып, өз шеберліктерін көрсетуде.

Қатысушылар тізімі:

Аспаз құзыреттілігі: Исеналиев Ислам Бекмуратович

Кондитер құзыреттілігі: Маратова Марта Саматовна

Наубайшы құзыреттілігі: Жалғас Мақаш Сәкенұлы

Мейрамхана сервисі құзыреттілігі: Вейра Даниелла Юлиссис

Шаштараз өнері құзыреттілігі: Дугалева Кира Александровна

Дарынды студенттеріміз өздерінің кәсіби шеберлігін, білімдері мен дағдыларын паш етіп, облысымыздың абыройын асқақтатуға ниетті.

Барлық қатысушылар мен сарапшыларымызға сәттілік, жеңіс тілейміз!

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

03.12.2025 09:47

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен және Атырау облысының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асып келе жатқан «Өзіміз болып шай ішейік» жобасының кезекті басқосуы өтті.
Бұл жолғы шараға қонақ ретінде «Атырау сервис колледжі» студенттері қатысып, еркін форматтағы кездесу жастар үшін көңілді әрі мазмұнды өтті. Басқосу барысында жас қатысушылар бір-бірімен жақынырақ танысып, ой бөлісіп, жаңа ортада өзара байланыс орнатуға мүмкіндік алды.
Ұйымдастырушылар студенттердің белсенділігі мен ынталы қатысқаны үшін ерекше ризашылықтарын білдірді.