Жаңалықтар

15.10.2025 10:49

 

Атырау сервис колледжінің оқытушылары мен білім алушылары қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында республикалық деңгейде ұйымдастырылған қаржылық диктантқа белсене қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты — жастар мен педагогтердің қаржыға қатысты білімін тереңдету, жеке қаражатты дұрыс жоспарлау дағдыларын қалыптастыру және қаржылық мәдениетті дамыту болды

Диктант барысында қатысушылар күнделікті өмірде жиі кездесетін қаржылық жағдайларға байланысты тапсырмаларды орындап, өз білім деңгейін сынап көрді.

💡 Мұндай шаралар қаржылық сауатты ұрпақ қалыптастыруға және экономикалық тұрақтылықты нығайтуға зор үлес қосады.

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

 

 

14.10.2025 08:49

 

Жиналыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, буллингтің, лудоманияның, есірткі қылмысының алдын алу, сондай-ақ оқу орнының ішкі тәртіп ережелерін сақтау мен ата-ана, колледж және студент арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту болды.

 

Іс-шараға Атырау қаласы Полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Менешкалиева Гүлім Нұрбайқызы,

аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Сауғабаева Эльвира Нұрлыбековна,

учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Мақуова Фаризат Саламатқызы,

Психологиялық қолдау орталығының әдістемелік жұмыс бөлімі басшысының м.а. Құспанов Аманжан Қайырғалиұлы,

сондай-ақ «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы қоғамдық қорының теолог маманы Орынғалиев Ринат Сембайұлы қатысты.

 

Жиында келесі өзекті тақырыптар қаралды:

🔹 Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу;

🔹 Буллинг және лудоманияның салдары мен оны болдырмау жолдары;

🔹 Есірткі қылмысының зияны мен құқықтық жауапкершілік;

🔹 Колледждің ішкі тәртіп ережесі мен оқу-тәрбие процесінің талаптары;

🔹 Жасөспірімдер арасындағы төбелестің алдын алу, соның ішінде қыздар арасындағы агрессивті мінез-құлықты болдырмау;

🔹 Қыздар тәрбиесі, отбасындағы тәрбие мен ата-ананың рөлі;

🔹 Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары;

🔹 Ата-аналардың жасөспірім тәрбиесіндегі міндеттері мен жауапкершілігі.

 

Кездесу барысында мамандар ата-аналарға құқықтық және психологиялық кеңестер беріп, балалармен тиімді қарым-қатынас орнату, олардың мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аудару және алдын алу шараларын күшейту жөнінде ұсыныстар айтты.

 

🔸 Атырау сервис колледжі осындай іс-шаралар арқылы студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен олардың саналы, тәртіпті азамат болып қалыптасуына үлес қосуды жалғастыра береді.

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

06.10.2025 15:42

Атырау сервис колледжінің шәкірттері ұстаздарын кәсіби мерекемен
құттықтап, ерекше көңіл күй сыйлады.
Әрбір ұстазға айтылған алғыс пен ізгі тілек – ең қымбат сый! ��

�� Ұстаздарға мың алғыс!
Сіздердің еңбектеріңіз – ел ертеңінің кепілі! ❤️

#АтырауСервисКолледжі
#ЕлдікЧелленджі
#ҰстазғаАлғыс
#ҰстаздарКүні
#МерейліМереке

06.10.2025 15:10

Құрметті ұстаздар, қадірлі әріптестер!

Сіздерді Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын Ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деген сөзі мұғалімнің ел болашағының іргетасын қалаушы ретінде маңызды рөлін дәлелдей түседі. Біздің міндет – білімді, адал, жаһандық бәсекеге қабілетті, озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу арқылы ел болашағының сенімді әрі сапалы негізін қалау.

Мұғалімнің жай ғана мамандық иесі емес, қоғамның озық тұлғасы ретінде беделін биіктеткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұстазды қоғамның басты кейіпкері ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыты деп айқындаған болатын.

Мемлекет басшысы мұғалімдердің құқықтық мәртебесін одан әрі нығайтуды тапсырып, бірнеше міндеттер жүктеді. Осыған байланысты біз Парламент Мәжілісімен бірге заңнамалық өзгерістерді жүзеге асыратын боламыз және осы жолы да ұстаздар қоғамдастығымен міндетті түрде ақылдасатындығымызды да атап өткім келеді.

Балаларымызға сапалы біліммен қатар, саналы тәрбие беру де педагогикалық қауымдастыққа жүктелген аса маңызды міндет. Оған мемлекет пен мектеппен қатар, ата-аналардың да атсалысуы өзекті.

🌹 Құрметті ұстаздар!
Баршаңызға келіп жеткен ұстаздар мерекесі құтты болсын! Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өнегелі еңбектеріңіз жемісті болсын!