Атырау сервис колледжінде «Жат ағымдардан сақтанудың тиімді тәсілдері» тақырыбында студенттерге арналған ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, теріс және радикалды ағымдардың алдын алу, олардың зияны туралы түсіндіру болды.
Аталған кездесуге ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Адилдиев Қуаныш Ұзақбаевич және теолог маман Оразғалиев Қуаныш Қайратұлы арнайы қатысып, студенттерге жат ағымдардың белгілері, олардың қоғамға тигізетін кері әсері және одан сақтанудың тиімді жолдары туралы кеңінен ақпарат берді.
Кездесу барысында мамандар жастарды діни ақпаратты тек сенімді, ресми дереккөздерден алуға, күмәнді топтар мен шақырулардан аулақ болуға, сыни ойлау қабілетін дамытуға шақырды. Сонымен қатар, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, ашық пікір алмасу алаңы қалыптасты.
Осындай тағылымды шаралар жастардың дұрыс бағытта қалыптасуына, олардың саналы әрі жауапты азамат болып өсуіне үлкен ықпал етеді.
Атырау сервис колледжі алдағы уақытта да студенттердің қауіпсіздігі мен рухани дамуына бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береді.
Атырау сервис колледжінде «Заң және тәртіп» тақырыбы аясында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында колледж студенттеріне арналған маңызды жиын өтті. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын түсіндіру және құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.
Жиынға Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкері, полиция аға лейтенанты Жалелов Алтынбек Бахтыбайұлы қатысып, студенттерге құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ол өз сөзінде жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы кеңінен тоқталды.
Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелер қатарында есірткі қылмысының алдын алу, зорлық-зомбылықтың және нашақорлықтың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау, колледждің ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтау, түнгі уақытта заңды өкілсіз көшеде жүрмеу, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, сондай-ақ оқу орны аумағына адамның өміріне қауіпті, денсаулыққа зиян келтіретін заттарды әкелуге қатаң тыйым салынатыны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, студенттерге құқық бұзушылықтың салдары, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері түсіндіріліп, нақты мысалдар арқылы заң талаптарын бұзудың алдын алу жолдары айтылды. Жиын барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Осындай тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастырып, саналы әрі жауапты азамат болып өсуіне ықпал етеді.
Odyssey” — бұл жай ғана ойын емес, бұл сіздің шешімдеріңізді тексеретін нағыз өмір симуляциясы. Әр деңгейде сізге таңдау беріледі: дұрыс жол немесе бұрыс жол — және дәл осы таңдаулар сіздің нәтижеге қалай жететініңізді анықтайды. Қате шешім қабылдасаңыз — қиындықтарға тап боласыз, ал дұрыс бағытты таңдасаңыз — жетістікке жетесіз. Бұл ойын сізге сыни ойлауды дамытып, өмірде дұрыс шешім қабылдауды үйретеді және қауіпті идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастырады. 📲 Қазір жүктеп көріңіз — өз таңдауыңыздың нәтижесін өзіңіз көріңіз!
Шара барысында студенттер кітаптың адам өміріндегі орны, оның тұлғалық дамуға қосар үлесі туралы ой бөлісіп, өздерінің сүйікті шығармаларын таныстырды. Сонымен қатар, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани құндылықтарды насихаттау бағытында пікірталас ұйымдастырылып, танымдық ойындар мен викториналар өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани дамуына ықпал ету және кітаптың адам өміріндегі маңызын терең түсіндіру болды.
Кітап оқитын ұрпақ – ел болашағының жарқын кепілі!
Мұндай тағылымды іс-шаралар жастарды білімге, ізденіске және рухани байлыққа жетелеп, олардың ой-өрісін кеңейтуге үлкен мүмкіндік береді.
📚 Кітап – білімнің қайнар көзі, рухани байлықтың бастауы!
#tarbie_ortalygy_atyrau
#gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#күшіміз_бірлікте
#talap.edu.kz
#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
#салауатты_өмір_салты
#tarbie_ortalygy_atyrau
Атырау Жастары
Кайрат Сисенов
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov
Кездесуге Атырау ҚПБ ҚҚБ ЮПБ УПИ полиция аға лейтенанты Жалелов Алтынбек Бахтыбайұлы қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесудің негізгі мақсаты 22 наурыз мерекелік демалыс күндеріндегі қауіпсіздік шараларын сақтау және жасөспірімдер арасындағы есірткі қылмысының алдын алу, ерте жүктіліктің алдын алу, зорлық-зомбылықтың және буллингтің алдын алу, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты арттыру болды.
Құқық қорғау органдарының өкілдері студенттерге есірткі заттарының заңсыз айналымының ауыр құқықтық салдары, оның денсаулыққа тигізетін зияны туралы жан-жақты түсіндіріп өтті. Сонымен қатар ерте жүктіліктің әлеуметтік және медициналық қауіптері, зорлық-зомбылықтың түрлері мен заң алдындағы жауапкершілігі жайында нақты мәліметтер берілді.
Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мәселесіне ерекше тоқталып, 111 байланыс орталығы арқылы көмек алуға болатыны, қиын жағдайға тап болған жағдайда үнсіз қалмай, дер кезінде хабарласудың маңыздылығы айтылды.
Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алуға үлкен ықпал етеді.
Атырау сервис колледжі студенттердің қауіпсіздігі мен саналы болашағын басты назарда ұстайды.
#біртұтас_тәрбие #tarbie_ortalygy_atyrau #заң_тәртіп #atyrau_bilim
#tarbie_ortalygy_atyrau
#gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#күшіміз_бірлікте
#talap.edu.kz
#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
#салауатты_өмір_салты
#tarbie_ortalygy_atyrau
Атырау Жастары
Кайрат Сисенов
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov


