Тәрбие жұмысы

23.09.2025 10:44

Атырау сервис колледжінде 2025 жылдың 20 қыркүйек күні “Таза Қазақстан” тұжырымдамасы аясында тазалық акциясы өтті. Акцияға колледж ұжымы белсене атсалысып, оқу орнының аумағын қоқыстан тазартып, ағаштарды әктеп, жасыл желекті күтіп-баптады. 🌳✨

 

Бұл шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа жанашырлықпен қарау және жас ұрпаққа экологиялық мәдениетті насихаттау.

 

Атырау сервис колледжі алдағы уақытта да тазалық пен тәртіпті сақтауға және жасыл әрі жайлы орта қалыптастыруға өз үлесін қоса береді. 🌏💚

 

 

#ТазаҚазақстан #Экология #АтырауСервисКолледжі

#тазаҚазақстан #жасылқала #сенбілік

Табиғи ресурстар басқармасы

15.09.2025 10:10
✅Жиынға Атырау ҚПБ ЖПҚ ЮПБ аға УПИ-ы полиция майоры Сарсенова Динара Сағындыққызы мен Атырау ҚПБ ЖПҚ ЮПБ УПИ-ы полиция аға лейтенанты Мақуова Фаризат Саламатқызы қатысты.

Жиынның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алып, құқықтық мәдениетті арттыру, студенттерді жауапкершілікке тәрбиелеу болды.

🔹 Кездесуде төмендегі өзекті мәселелер талқыланды:

Колледждің ішкі тәртіп ережелерін сақтау;

Нашақорлық пен зиянды әдеттердің алдын алу;

Жолда қауіпсіздік ережелерін қадағалау;

Буллинг пен құқықбұзушылыққа жол бермеу.

Бұл шара студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қоғамдық ортада өзін-өзі дұрыс ұстауына және болашаққа сенімді қадам басуына үлкен ықпал етті.

✨ Колледж ұжымы әрбір білім алушының қауіпсіздігі мен тәртібі үшін жүйелі жұмыстарды жалғастыра береді.

#tarbie_ortalygy_atyrau
#gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#күшіміз_бірлікте
#talap.edu.kz
#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
#салауатты_өмір_салты
#tarbie_ortalygy_atyrau
Атырау Жастары
Кайрат Сисенов
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov
15.09.2025 10:07
Іс-шараға ардагер ұстаз Бақыт Телжанқызы арнайы шақырылып, студенттерге отбасының қоғамдағы орны мен құндылықтары туралы ой қозғап, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, жастарға ақ батасын беріп, болашақтарына сәттілік тіледі.

Кездесу барысында колледж студенттері өз өнерлерін ортаға салып, ардагер ұстазға жүрекжарды сый-құрмет көрсетті. Әңгіме барысында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алып, ой түйді.

Шараның негізгі мақсаты – жастарға отбасы құндылықтарын насихаттап, олардың санасына ізгілік, сыйластық пен ынтымақ сияқты асыл қасиеттерді сіңіру болды.

✨ Осындай мазмұнды кездесулер студенттердің рухани дамуына, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін жалғастыруға зор ықпал етеді.
#tarbie_ortalygy_atyrau
#gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#күшіміз_бірлікте
#talap.edu.kz
#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
#салауатты_өмір_салты
#tarbie_ortalygy_atyrau
Атырау Жастары
Кайрат Сисенов
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov
11.06.2025 15:03

Буллинг және кибербуллингтен қорғану жолдары туралы түсіндіру жұмысы

📍Атырау сервис Колледжінде білім алушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік сауаттылығын арттыру мақсатында, оқу орнының психологы А.Х Калиева тарапынан «Буллинг және кибербуллингтен қорғану жолдары» тақырыбында арнайы презентациямен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

📍Іс-шара барысында студенттерге буллингтің (яғни, қорқыту, кемсіту, мазақ ету, психологиялық қысым көрсету) түрлері мен белгілері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, қазіргі таңда кең таралған кибербуллинг ұғымы — интернет желісі арқылы жүргізілетін психологиялық қысым, бопсалау, аноним жала жабу, қорлау әрекеттері жайлы нақты мысалдармен жеткізілді.

📍Психолог өз баяндамасында буллинг пен кибербуллингтің адам психикасына әсерін, оның салдарынан туындайтын эмоционалдық күйзелістер мен өзін-өзі бағалаудың төмендеуі секілді мәселелерді атап өтті. Осындай жағымсыз жағдайлардың алдын алу үшін, студенттерге өзін-өзі қорғау жолдары, сенімділік қалыптастыру, уақытылы көмек сұрау және құқықтық қорғану тетіктері жөнінде маңызды кеңестер берілді.

📍Презентация интерактивті форматта өтіп, студенттер өз ойларын ортаға салып, тәжірибелік сұрақтар қойып, белсенділік танытты. Психолог тарапынан әр сұраққа нақты әрі мазмұнды жауаптар берілді.

📍Бұл іс-шара студенттерге қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі — буллингпен күресу жолдарын үйретіп қана қоймай, оларды психологиялық тұрғыдан қорғануға, сенімділік пен адамгершілікке баулуда үлкен маңызға ие болды.

04.06.2025 15:13

Бүгін колледжімізде мемлекеттік рәміздерімізге деген зор құрмет пен мақтаныш сезімін ұлықтауға арналған салтанатты жиын өтті. Бұл айтулы шараға колледжіміздің қызметкерлері мен студенттері белсене қатысып, барша жұртшылықпен бірге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін шырқап, бірлік пен ынтымақтың жарқын үлгісін көрсетті.

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың бойында патриоттық рухты, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерімізге деген жауапкершілікті арттыру.

Мемлекеттік рәміздер – ел тәуелсіздігінің, тарихы мен болашағының айқын белгісі. Туымыз – бейбітшілік пен бірліктің нышаны,

Елтаңбамыз – елдік пен егемендіктің белгісі,

Гимніміз – жүректі тербейтін ұлы үн!

 

Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жастарымыздың жүрегіне рух, бойына сенім, болашаққа ұмтылыс сыйлайды.

 

Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, көк Туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!

Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!

#біртұтастәрбие

#Атыраубілім

#atyrau_bilim_bolimi

#atyrau_bilim

#bilim_sapasy_bagalau

#жемқорлыққажолжоқ

#isb_atyrau

#біртұтас_тәрбие

atyrau_servis_college

#tarbie_ortalygy_atyrau

#біртұтас_тәрбие_атырау

#құқықбұзушылық_атырау_2024

#нашақорлық_атырау_2024

#біртұтас_тәрбие_атырау_2024

#ертежүктілік_атырау_2024