Тәрбие жұмысы

02.12.2025 09:12

2025 жылғы 10 қарашада №8 қалалық кітапхананың кітапханашысы Қанатова Гүлзада Рашидқызы және Атырау сервис колледжінің кітапханашысы Муханбетжанова Алия Орынғалиқызының ұйымдастыруымен, колледжіміздің «Тігінші-25» тобының студенттерінің қатысуымен Дүниежүзілік жастар күніне орай «Жастар – ел мақтанышы» атты ой талқысымен кездесу өткізілді.

Шара барысында қатысушылар:

Дүниежүзілік жастар күнінің тарихымен танысып,

«Қазіргі жастар немен айналысады?», «Заманауи жастар қандай болу керек?», «Болашақта кім боламын?» сияқты маңызды сұрақтарды талқылады,

Сергіту ойынына қатысып, бір-бірімен пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.

Ой талқыс жылы, достық атмосферада өтті, студенттер өз ойларын ашық айтып, пікірлерімен бөлісті. Шара жастардың белсенділігін арттыруға, өз болашағына бағыт қоюға және командалық рухты дамытуға үлкен үлес қосты.

📌 Атырау сервис колледжі – білім мен шығармашылықтың ұясы!

 

04.11.2025 08:32

Бүгін Атырау сервис колледжінде АИТВ орталығының маманы Баймұханова Мереке Үтегенқызының қатысуымен студенттерге арналған танымдық кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында маман студенттерге АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) және ЖИТС (жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы) туралы толық мағлұмат берді. Атап айтқанда, АИТВ инфекциясының белгілері, жұғу және жұқпау жолдары, сондай-ақ оның адам ағзасына тигізетін зияны туралы түсіндірді.

Сонымен қатар, ЖИТС-тің алдын алу шаралары, денсаулықты сақтау жолдары және қоғамдағы стигманы болдырмау мәселелері де талқыланды.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан жан-жақты және нақты жауаптар алды.

Осындай ақпараттық шаралар жастардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға зор ықпал етеді.

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

04.11.2025 08:30

 

Атырау сервис колледжінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Біріңғай құқықтық сағат» тақырыбында колледж студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.

Жиынға Атырау қалалық полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік басқармасы ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Сарсенова Динара Сағындыққызы қатысып, студенттерге құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Сонымен қатар, кездесуде жастар арасында жиі кездесетін келеңсіз жағдайлар – қыздар мен ұлдардың төбелесі, қоғамдық орындарда темекі шегу, нашақорлық, балағат сөз айту, біреудің ар-намысына тию секілді әрекеттердің заң алдындағы жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндірілді.

Мұндай шаралар студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және өз іс-әрекетіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді.

#біртұтастәрбие

#Атыраубілім

#atyrau_bilim_bolimi

#atyrau_bilim

#bilim_sapasy_bagalau

#жемқорлыққажолжоқ

#isb_atyrau

#біртұтас_тәрбие

atyrau_servis_college

#tarbie_ortalygy_atyrau

#біртұтас_тәрбие_атырау

#құқықбұзушылық_атырау_2025

#нашақорлық_атырау_2025

#біртұтас_тәрбие_атырау_2025

#ертежүктілік_атырау_2025

23.10.2025 15:41

 

Атырау сервис колледжінің ұстаздары баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!

Бұл мереке – еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін, бейбіт өмір мен татулықты дәріптейтін ерекше күн.

Бүгінгі таңда Қазақстан – өркендеген, дамыған, бейбітшілікті ту еткен мемлекет.

Туған еліміздің әрбір азаматы ел игілігі жолында еңбек етіп, жарқын болашаққа үлес қосуда.

💐 Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

🌞 Аспанымыз әрдайым ашық, көк байрағымыз мәңгі желбірей берсін!

❤️ Бірлігіміз бен ынтымағымыз нығая түссін!

Республика күні құтты болсын!

#АтырауСервисКолледжі #РеспубликаКүні #ҚазақстанТәуелсізЕлім

#RepublicDay #25Қазан #Декларация35жыл #МеніңҚазақстаным.

21.10.2025 14:44

Атырау сервис колледжінің студенттері барша қазақстандықтарды ұлық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!

 Бүгін колледж студенттері елдік пен бірліктің, тәуелсіздік пен тұтастықтың мәнін айшықтап, мерекелік көңіл-күймен өз құттықтауларын жолдады.

✨ Бұл мереке – халқымыздың азаттыққа ұмтылған рухының, ел болашағына деген сенімінің символы.

Еліміз аман, жеріміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!

Тәуелсіз Қазақстанның туы әрдайым биікте желбірей берсін!

#РеспубликаКүні #25Қазан #АтырауСервисКолледжі #Қазақстан #Мақтаныш #Бірлік #ТәуелсізЕлім