«Өндірістің бүгінгі талабы» іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — студенттерді өз мамандығы бойынша нақты өндірістік ортамен таныстыру, еңбек нарығының талаптарын түсіндіру және кәсіби қызығушылығын арттыру. Осы мақсатта «Тігінші» мамандығының студенттері «Өнерпаз-Алия» ЖШС өндірістік кәсіпорнына экскурсия жасап, кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты. Экскурсия барысында студенттер: заманауи өндіріс үдерісін өз көздерімен көрді; нақты жұмыс орнымен танысты; тігін өндірісіндегі еңбек ерекшеліктерін білді; мамандардың жұмыс тәжірибесіне қанықты; өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті жауаптар алды. Мұндай кәсіби экскурсиялар студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. #біртұтас_тәрбие #tarbie_ortalygy_atyrau #атыраубілім #atyrau_bilim #біртұтас_тәрбие_атырау
Автордың жарияланымдары: admin
admin
Атырау сервис колледжінің Тігінші-27 тобында «Отбасы – қамқорлық мекені» тақырыбында тәрбиелік мәні зор топ сағаты өткізілді. Топ жетекшісі А.М. Телеугалиева студенттерге отбасының адам өміріндегі маңызы, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сүйіспеншілігі, құрметі мен қамқорлығы туралы түсіндірді. Топ сағаты барысында студенттер отбасылық құндылықтар, ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, өзара түсіністік пен жауапкершілік туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, отбасы – әр адамның жылулық пен мейірім табатын, қолдау көрсететін қасиетті мекені екені айтылды. Студенттер өз отбасылары туралы әңгімелеп, отбасы құндылықтарының адам өміріндегі орны туралы пікірлерін білдірді. Отбасы – сүйіспеншілік пен мейірімнің бастауы, тәрбие мен адамгершіліктің алтын бесігі! #АтырауСервисКолледжі #ОтбасыҚамқорлықМекені #ОтбасылықҚұндылықтар #Тігінші27 #АдалАзамат
Атырау сервис колледжінде «Өндірістегі 10 күн» акциясы аясында білім алушылардың кәсіби бағдарын арттыру және өндіріс орындарымен байланысын нығайту мақсатында «Студент – өндіріс көзімен» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында колледждің әлеуметтік серіктесі –«BORKIT SAFETY» ЖШС мекемесіне арнайы экскурсия жасалып, студенттер өндіріс барысымен танысты. Экскурсия кезінде білім алушылар өндірістегі жұмыс үдерісін өз көздерімен көріп, мамандардың еңбек қызметіне қойылатын талаптармен танысты. Сонымен қатар студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өндіріс мамандарынан кәсіби бағытта нақты жауаптар алды. «Болашақтағы менің жұмыс орным» тақырыбында өткен кездесу студенттерге таңдаған мамандығының қыр-сырын тереңірек түсінуге, еңбек нарығының талаптарын білуге және болашақ кәсіби жолын жоспарлауға мүмкіндік берді. Осындай іс-шаралар білім алушылардың теориялық білімін өндірістік тәжірибемен ұштастырып, болашақ маман ретінде қалыптасуына зор ықпал етеді. Ынтымақтастық пен қолдауы үшін колледждің әлеуметтік серіктесі «BORKIT SAFETY» ЖШС мекемесінің мамандарына алғысымызды білдіреміз! #АтырауСервисКолледжі #өндірістегі10күн #тәрбиеқұндылықбөлімі #біртұтастәрбие #тәрбиесағаты «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясындағы «Ашық есік» күні Атырау сервис колледжінің студенттері Атырау облысының мемлекеттік архивінде «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында ұйымдастырылған «Ашық есік» күніне қатысты. Іс-шара барысында студенттер архив қорында сақталған тарихи маңызы зор құжаттармен, фотосуреттермен және құнды деректермен танысып, туған өлкенің тарихына қатысты маңызды мәліметтер алды. Сонымен қатар өңірімізде әр жылдары орын алған тарихи оқиғалар мен қоғамдық өзгерістерді бейнелейтін тарихи көрмелерді тамашалады. Архив – өткен тарих пен бүгінгі ұрпақты байланыстыратын құнды рухани қазына. Архив құжаттары арқылы студенттер туған жердің тарихын тереңірек танып, тарихи мұраны құрметтеудің, оны сақтап, келешек ұрпаққа жеткізудің маңызын түсінді. Мұндай тағылымды кездесулер жастардың тарихи танымын кеңейтіп, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және тарихи санасын қалыптастыруға үлкен ықпал етеді. Іс-шараға қатысқан студенттерге тарихи деректермен жақын танысып, өткеннен тағылым алуға мүмкіндік берген Атырау облысының мемлекеттік архиві ұжымына алғыс білдіреміз!
29 қыркүйек күні Атырау сервис колледжінде талапкерлер мен мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында «Колледж студентінің 1 күні» жобасы аясында ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қонақтарға колледжде білім алуға болатын мамандықтар мен біліктіліктер таныстырылып, оқу үдерісі туралы ақпарат берілді. Қатысушылар колледждің заманауи оқу шеберханаларын аралап, мамандықтарға сәйкес практикалық сабақтардың ұйымдастырылуымен, қажетті құрал-жабдықтармен және студенттердің кәсіби дағдыларын қалыптастыруға арналған мүмкіндіктермен танысты. Сонымен қатар, болашақ талапкерлер өздерін қызықтырған мамандықтар бойынша сұрақтарын қойып, оқуға қабылдау тәртібі, білім алу мүмкіндіктері және студенттік өмір туралы толық мәлімет алды. Ашық есік күні – жастарға болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беріп, колледж өмірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік беретін маңызды шара. Атырау сервис колледжі – кәсіби білім мен жарқын болашаққа бастар жол! #біртұтас_тәрбие #tarbie_ortalygy_atyrau #isb_atyrau #атыраубілім #біртұтастәрбие


