Жиынға Атырау ҚПБ ҚҚБ ЮПБ аға УПИ, полиция аға лейтенанты Жолдығали Бекарыс Нұрболатұлы қатысты. Жиын барысында жасөспірімдерге мопед көлігімен жүрмеу және студенттерге буллингтің алдын алу, оның түрлері мен зардаптары туралы түсіндіріліп, қиын жағдайға тап болған кезде көмекке жүгіну жолдары айтылды. Сонымен қатар, «111» QR коды арқылы қажетті ақпарат пен қолдау алуға болатыны түсіндірілді. Жол ережелерін сақтау және жол қауіпсіздігі мәселесіне де ерекше назар аударылды. Студенттерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жаяу жүргінші ретінде қауіпсіздік талаптарын орындау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар, колледж аумағындағы тәртіп мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқу процесі кезінде колледж территориясынан шықпау, сабақ уақытында дүкенге және басқа да орындарға бармау қажеттігі айтылды. Сондай-ақ Сәтпаев көшесі, 3А үйлерінің алдына жиналмау, тұрғындарға және айналадағы азаматтарға кедергі келтірмеу жөнінде ескертілді.
Автордың жарияланымдары: admin
admin
Мақсаты домбыраның ұлттық құндылық ретіндегі маңызын насихаттау, жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру, күй өнерін дәріптеу, халқымыздың мәдени мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу және ұлттық рухты нығайту. Шара барысында көнеден келе жатқан ұлттық аспабымыз домбыраның шығу тарихы түсіндіріліп, оның қазақ халқы үшін алар орны ерекше екендігі жөнінде және бағзы замандарда қуанышта да, қайғыда да жанында бірге жүрген жан серігі бола білгенді туралы кеңінен насихатталды.
#tarbie_ortalygy_atyrau
#gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#күшіміз_бірлікте
#talap.edu.kz
#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
#салауатты_өмір_салты
#tarbie_ortalygy_atyrau
Атырау Жастары
Кайрат Сисенов
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov
Алғыс айту күні – адамдар арасындағы сыйластық пен ризашылықты дәріптейтін ерекше мереке. Осыған орай колледждің белсенді жастары ұстаздарға құрмет көрсетіп, жүрекжарды алғыстарын білдірді.
“Өзін-өзі басқару” ұйымының мүшелері ұстаздардың тынымсыз еңбегі мен шәкірт тәрбиелеудегі жауапкершілігін ерекше атап өтті. «Ұстаз – әр студенттің өмір жолына бағыт-бағдар беретін тұлға. Сіздердің қолдауларыңыз бен сенімдеріңіздің арқасында біз биік белестерді бағындыруға ұмтыламыз», – деп ізгі тілектерін жеткізді.
#біртұтас_тәрбие
#atyrau_bilim
#1наурызалғысайтукүні
#tarbie_ortalygy_atyrau
#gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#күшіміз_бірлікте
#talap.edu.kz
#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
#салауатты_өмір_салты
#tarbie_ortalygy_atyrau
Атырау Жастары
Кайрат Сисенов
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov





