Тәрбие жұмысы

27.02.2026 09:25

Іс-шараның мақсаты – қыз балалардың өзін-өзі бағалау деңгейін көтеру, олардың қоғамдағы рөлін айқындау, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу және өз күшіне сенімін арттыру болды.

Шараға 8 қалалық кітапхана меңгерушісі Мұханғалиева Айсұлу Сулейменовна және колледжіміздің ұстазы Есмағамбетова Күлшәт Темірғалиевна арнайы қатысып, қыз тәрбиесі, білімнің маңызы мен парасаттылық жайында әсерлі ойларымен бөлісті. Қонақтар өз тәжірибелерінен мысал келтіріп, қыз баланың табандылығы мен білімге құштарлығы – оның басты күші екенін атап өтті.

Сонымен қатар колледж психологы Жазира Бекетқызы қыздарға арналған психологиялық тренинг өткізіп, қатысушылармен еркін форматта жұмыс жүргізді. Тренинг барысында өзін-өзі тану, ішкі қорқыныштарды жеңу, жеке шекараны қорғау, сенімді қарым-қатынас орнату тақырыптары қозғалды. Қыздар түрлі жаттығулар арқылы өз ойларын ашық айтып, бір-біріне қолдау көрсетті.

Шара соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті. «Қыз болу – күш» атты бұл іс-шара қыздардың бойындағы сенімділік пен жігерді нығайтып, жаңа мотивация сыйлаған тағылымды кездесу болды.

#tarbie_ortalygy_atyrau #gylym_jogarybilim @bilim_sapasy_baqylau @ishkisaiasat_atyrau @gylym_jogarybilim #біртұтас_тәрбие #tarbie_ortalygy_atyrau #күшіміз_бірлікте #talap.edu.kz #bilimim_otanyma #біртұтас_тәрбие_атырау #салауатты_өмір_салты #tarbie_ortalygy_atyrau Атырау Жастары Кайрат Сисенов Атырау Облысы Білім Басқармасы Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

20.02.2026 13:27

Көрмеге колледжіміздің кітапханашысы Муханбетжанова А.О. жетекшілік жасап, студенттерге ақынның жыр жинақтары, естеліктері және мерзімді басылым материалдары ұсынылды.

Көрме барысында студенттер Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы мен шығармашылығы, қазақ поэзиясындағы орны туралы жан-жақты мәлімет алып, ақынның шығармаларымен танысты. Іс-шара студенттердің әдеби білімін тереңдетуге, поэзияға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Атырау сервис колледжі әдебиет пен мәдениетті насихаттауды, жастардың рухани дамуын басты назарда ұстайды.

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

20.02.2026 13:26

Атырау сервис колледжінде «Қазақия» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында

«Сұлулық сымбат тәрбиесі. Кимешек тігу және кигізу» тақырыбында тәрбие шарасының 1-күні жоғары деңгейде өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – қыз балаларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ қызының әдебі мен тәрбиесін насихаттау, сондай-ақ ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық киімдердің мән-мағынасын терең түсіндіру болды.

Шараға арнайы қатысқан «Қазақия» қоғамдық қорының жетекшісі Жанар Әбіш Төрениязқызы мен тігінші шебер ана Сапарова Нұрлыгүл Шамратқызы қыз балалармен еркін форматта сұхбат жүргізіп, қыз тәрбиесінің маңыздылығына кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар, қазақ халқының ертеден келе жатқан кимешегінің пайдасы мен қасиеті, оның тәрбиелік, рухани және эстетикалық мәні туралы құнды ақпараттар берілді.

Практикалық бөлімде «Тігінші» мамандығында білім алып жатқан студенттермен бірге тігін цехында кимешек тігу процесі басталып, студенттер ұлттық бұйымды өз қолдарымен дайындау мүмкіндігіне ие болды. Бұл шара болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын дамытуға және ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыруға үлкен ықпал етті.

Осындай тағылымды тәрбиелік шаралар студенттердің рухани дамуына, ұлттық құндылықтарды құрметтеуіне және мәдени мұраны сақтауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

✨ Студенттерімізге шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!

Алда шараның келесі күндері өз жалғасын табады.

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

20.02.2026 13:06

Атырау сервис колледжінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында студенттерге арнайы бейнероликтер көрсетіліп, олар бойынша ашық талқылау жүргізілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, есірткі қылмысы мен зорлық-зомбылықтың алдын алу.

Студенттер бейнероликтерді көріп, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдарын, болашақта келеңсіз жағдайларға қалай жол бермеу керегін ой елегінен өткізді.

Кездесу барысында жасөспірімдер өз ойларын ортаға салып, құқықтық сауаттарын арттыруға бағытталған пайдалы ақпарат алды. Мұндай шаралар студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастырып, қауіпсіз әрі жауапты болуға тәрбиелейді.

💡 Ұмытпайық: Қауіпсіздік – әркімнің қолында!

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

30.12.2025 15:10

Сайыстың негізгі мақсаты – студенттердің мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, білім деңгейін көтеру, логикалық ойлау қабілетін дамыту және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

Аталған зияткерлік сайыста Атырау сервис колледжінің командасы жоғары білімділік пен тапқырлық танытып, 11 оқу орнының ішінен ұтымды жауап беріп, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Бұл – студенттердің тынымсыз еңбегі мен сапалы дайындықтың нәтижесі.

Сонымен қатар, «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының облыстық слетіне студенттерді дайындағаны үшін жетекші Муканова Гүлмира Асановна арнайы сертификатпен марапатталды.

Жеңімпаз студенттеріміз бен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!

Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз! 🌟

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov