Тәрбие жұмысы

19.05.2025 10:50

2025 жылдың 12-16 мамыр күндері “Атырау сервис колледжі” аясында 1 курс студенттеріне 5 күндік оқу-далалық жиыны басталды.

Мақсаты:

– Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқу бағдарламасына толық орындау.

– Студенттердің әскери және спорттық дайындығын тексеру.

– Әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу.

19.05.2025 10:44

Атырау сервис колледжінде Халықаралық отбасы күніне орай “Отбасыммен өткізілген бір күн” челленджі өтті

✅15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Атырау сервис колледжінде ерекше форматтағы іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында 1-курс студенттерінің топ жетекшілері мен ата-аналарының қатысуымен “Отбасыммен өткізілген бір күн” атты челлендж өткізілді.

✅Бұл челлендждің басты мақсаты – ата-аналар мен балалар арасындағы байланысты нығайту, бір-біріне деген сенімді арттыру және отбасы құндылықтарын дәріптеу болды. Ата-аналар өз отбасыларымен бірге өткізген бір күнін суреттер, бейнематериалдар және әсерлі әңгімелер арқылы бөлісіп, керемет көңіл-күй мен жылы лебіздер сыйлады.

✅Іс-шараның ұйымдастырушысы – колледждің педагог-психологы Калиева А.Х. Челлендж ата-аналар тарапынан үлкен қолдау тауып, олардың белсенділігі мен шығармашылығы колледж ұжымының ризашылығына ие болды.

✅Мұндай бастамалар отбасылық қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, колледж бен ата-аналар арасындағы байланыс пен сенімді одан әрі тереңдете түседі.