Жазбалар айына: Қазан 2026

20.10.2026 08:52

Атырау сервис колледжінің Тігінші-27 тобында «Отбасы – қамқорлық мекені» тақырыбында тәрбиелік мәні зор топ сағаты өткізілді. Топ жетекшісі А.М. Телеугалиева студенттерге отбасының адам өміріндегі маңызы, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сүйіспеншілігі, құрметі мен қамқорлығы туралы түсіндірді. Топ сағаты барысында студенттер отбасылық құндылықтар, ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, өзара түсіністік пен жауапкершілік туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, отбасы – әр адамның жылулық пен мейірім табатын, қолдау көрсететін қасиетті мекені екені айтылды. Студенттер өз отбасылары туралы әңгімелеп, отбасы құндылықтарының адам өміріндегі орны туралы пікірлерін білдірді. Отбасы – сүйіспеншілік пен мейірімнің бастауы, тәрбие мен адамгершіліктің алтын бесігі! #АтырауСервисКолледжі #ОтбасыҚамқорлықМекені #ОтбасылықҚұндылықтар #Тігінші27 #АдалАзамат

20.10.2026 08:49
Атырау сервис колледжінде «Өндірістегі он күн» акциясы аясында «Кәсіпорын – колледж серіктестігі күні» ұйымдастырылып, «Өндіріс кәсіптерінің дамуының бастауы» тақырыбында кәсіпорын өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында кәсіпорын өкілдеріне акцияның мақсаты мен міндеттері таныстырылып, білім алушылардың кәсіби даярлығын жетілдіру, өндіріс пен білім беру ұйымы арасындағы байланысты нығайту мәселелері талқыланды. Дөңгелек үстелге шаштараз, аспаз, наубайшы, әкімші көмекшісі мамандықтары бойынша кәсіпорын өкілдері қатысып, білім алушыларға: кәсіпорындағы еңбек талаптары; бос жұмыс орындары; жұмысқа орналасу мүмкіндіктері; кәсіби өсу және біліктілікті арттыру жолдары туралы ақпарат берді. Кездесу барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіпорын мамандарынан құнды кеңестер алды. Іс-шараның маңызды бөлігі – колледж бен кәсіпорындар арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою рәсімі болды. Бұл келісімдер білім алушылардың өндірістік тәжірибеден өтуіне, кәсіби дағдыларын дамытуына және болашақта жұмысқа орналасуына жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған. Кәсіпорындар мен колледж арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту – еңбек нарығының сұранысына сай білікті мамандар даярлаудың маңызды тетігі. Мұндай кездесулер білім алушылардың кәсіби бағдарын айқындауға, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға және болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Атырау сервис колледжі алдағы уақытта да жұмыс берушілермен серіктестікті дамытып, білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және олардың еңбек нарығында сұранысқа ие маман болып қалыптасуына бағытталған жұмыстарды жалғастырады.
#bilimotanyma#біртұтастәрбие#заңментәртіп#құқықтықтәрбие#салауаттыөмірсалты
20.10.2026 08:47

Атырау сервис колледжінде «Өндірістегі 10 күн» акциясы аясында білім алушылардың кәсіби бағдарын арттыру және өндіріс орындарымен байланысын нығайту мақсатында «Студент – өндіріс көзімен» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында колледждің әлеуметтік серіктесі –«BORKIT SAFETY» ЖШС мекемесіне арнайы экскурсия жасалып, студенттер өндіріс барысымен танысты. Экскурсия кезінде білім алушылар өндірістегі жұмыс үдерісін өз көздерімен көріп, мамандардың еңбек қызметіне қойылатын талаптармен танысты. Сонымен қатар студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өндіріс мамандарынан кәсіби бағытта нақты жауаптар алды. «Болашақтағы менің жұмыс орным» тақырыбында өткен кездесу студенттерге таңдаған мамандығының қыр-сырын тереңірек түсінуге, еңбек нарығының талаптарын білуге және болашақ кәсіби жолын жоспарлауға мүмкіндік берді. Осындай іс-шаралар білім алушылардың теориялық білімін өндірістік тәжірибемен ұштастырып, болашақ маман ретінде қалыптасуына зор ықпал етеді. Ынтымақтастық пен қолдауы үшін колледждің әлеуметтік серіктесі «BORKIT SAFETY» ЖШС мекемесінің мамандарына алғысымызды білдіреміз! #АтырауСервисКолледжі #өндірістегі10күн #тәрбиеқұндылықбөлімі #біртұтастәрбие #тәрбиесағаты «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясындағы «Ашық есік» күні Атырау сервис колледжінің студенттері Атырау облысының мемлекеттік архивінде «Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында ұйымдастырылған «Ашық есік» күніне қатысты. Іс-шара барысында студенттер архив қорында сақталған тарихи маңызы зор құжаттармен, фотосуреттермен және құнды деректермен танысып, туған өлкенің тарихына қатысты маңызды мәліметтер алды. Сонымен қатар өңірімізде әр жылдары орын алған тарихи оқиғалар мен қоғамдық өзгерістерді бейнелейтін тарихи көрмелерді тамашалады. Архив – өткен тарих пен бүгінгі ұрпақты байланыстыратын құнды рухани қазына. Архив құжаттары арқылы студенттер туған жердің тарихын тереңірек танып, тарихи мұраны құрметтеудің, оны сақтап, келешек ұрпаққа жеткізудің маңызын түсінді. Мұндай тағылымды кездесулер жастардың тарихи танымын кеңейтіп, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және тарихи санасын қалыптастыруға үлкен ықпал етеді. Іс-шараға қатысқан студенттерге тарихи деректермен жақын танысып, өткеннен тағылым алуға мүмкіндік берген Атырау облысының мемлекеттік архиві ұжымына алғыс білдіреміз! ‎

20.10.2026 08:44

29 қыркүйек күні Атырау сервис колледжінде талапкерлер мен мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында «Колледж студентінің 1 күні» жобасы аясында ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қонақтарға колледжде білім алуға болатын мамандықтар мен біліктіліктер таныстырылып, оқу үдерісі туралы ақпарат берілді. Қатысушылар колледждің заманауи оқу шеберханаларын аралап, мамандықтарға сәйкес практикалық сабақтардың ұйымдастырылуымен, қажетті құрал-жабдықтармен және студенттердің кәсіби дағдыларын қалыптастыруға арналған мүмкіндіктермен танысты. Сонымен қатар, болашақ талапкерлер өздерін қызықтырған мамандықтар бойынша сұрақтарын қойып, оқуға қабылдау тәртібі, білім алу мүмкіндіктері және студенттік өмір туралы толық мәлімет алды. Ашық есік күні – жастарға болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беріп, колледж өмірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік беретін маңызды шара. Атырау сервис колледжі – кәсіби білім мен жарқын болашаққа бастар жол! #біртұтас_тәрбие #tarbie_ortalygy_atyrau #isb_atyrau #атыраубілім #біртұтастәрбие

20.10.2026 08:30

8 қалалық кітапханасы кітапханашы Есболатқызы Айдана Атырау сервис колледжі кітапханашыларының ұйымдастыруымен колледж студенттерінің қатысуымен жазушы Б. Нұржекеұлының туғанына 85 жыл толуына орай «Адам сыры – өмір сыры» атты кітап көрмесін өткізді. Шара барысында оқырмандар жазушының өмірі мен шығармашылығымен, көпшілік оқырман қызыға оқитын таңдаулы кітаптарымен танысты. Кітап көрмесіне жазушының повестері, әңгімелері мен романдары қойылып, шығармаларындағы адамгершілік, махаббат, отбасы құндылықтары және өмір шындығы туралы ойлар кеңінен насихатталды. Кездесу барысында студенттер жазушының шығармалары бойынша өз пікірлерін білдіріп, қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Әдеби шара оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларын кеңінен танытуға мүмкіндік берді. #АдамСырыӨмірСыры #БНұржекеұлы #КітапКөрмесі #Кітапхана #ӘдебиШара КітапОқу Атырау