Атырау сервис колледжінде «Жат ағымдардан сақтанудың тиімді тәсілдері» тақырыбында студенттерге арналған ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, теріс және радикалды ағымдардың алдын алу, олардың зияны туралы түсіндіру болды.
Аталған кездесуге ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Адилдиев Қуаныш Ұзақбаевич және теолог маман Оразғалиев Қуаныш Қайратұлы арнайы қатысып, студенттерге жат ағымдардың белгілері, олардың қоғамға тигізетін кері әсері және одан сақтанудың тиімді жолдары туралы кеңінен ақпарат берді.
Кездесу барысында мамандар жастарды діни ақпаратты тек сенімді, ресми дереккөздерден алуға, күмәнді топтар мен шақырулардан аулақ болуға, сыни ойлау қабілетін дамытуға шақырды. Сонымен қатар, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, ашық пікір алмасу алаңы қалыптасты.
Осындай тағылымды шаралар жастардың дұрыс бағытта қалыптасуына, олардың саналы әрі жауапты азамат болып өсуіне үлкен ықпал етеді.
Атырау сервис колледжі алдағы уақытта да студенттердің қауіпсіздігі мен рухани дамуына бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береді.
Бүгінге жазылу: Бейсенбі Сәуір 9th, 2026
Атырау сервис колледжінде «Заң және тәртіп» тақырыбы аясында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында колледж студенттеріне арналған маңызды жиын өтті. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын түсіндіру және құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.
Жиынға Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкері, полиция аға лейтенанты Жалелов Алтынбек Бахтыбайұлы қатысып, студенттерге құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ол өз сөзінде жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы кеңінен тоқталды.
Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелер қатарында есірткі қылмысының алдын алу, зорлық-зомбылықтың және нашақорлықтың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау, колледждің ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтау, түнгі уақытта заңды өкілсіз көшеде жүрмеу, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, сондай-ақ оқу орны аумағына адамның өміріне қауіпті, денсаулыққа зиян келтіретін заттарды әкелуге қатаң тыйым салынатыны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, студенттерге құқық бұзушылықтың салдары, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері түсіндіріліп, нақты мысалдар арқылы заң талаптарын бұзудың алдын алу жолдары айтылды. Жиын барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Осындай тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастырып, саналы әрі жауапты азамат болып өсуіне ықпал етеді.
Odyssey” — бұл жай ғана ойын емес, бұл сіздің шешімдеріңізді тексеретін нағыз өмір симуляциясы. Әр деңгейде сізге таңдау беріледі: дұрыс жол немесе бұрыс жол — және дәл осы таңдаулар сіздің нәтижеге қалай жететініңізді анықтайды. Қате шешім қабылдасаңыз — қиындықтарға тап боласыз, ал дұрыс бағытты таңдасаңыз — жетістікке жетесіз. Бұл ойын сізге сыни ойлауды дамытып, өмірде дұрыс шешім қабылдауды үйретеді және қауіпті идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастырады. 📲 Қазір жүктеп көріңіз — өз таңдауыңыздың нәтижесін өзіңіз көріңіз!


