03.12.2025 09:28

Атырау қаласының прокуратурасы ұйымдастырған “Буллингке қарсы ең үздік бейнеролик” байқауына белсене қатысып, шығармашылық қабілетімен ерекше көзге түскені үшін ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кенжебаева Салтанат Қайрлиевна Алғыс хатпен марапатталды.

Салтанат Қайрлиевна өз бейнеролигінде жасөспірімдер арасында өзекті болып отырған буллинг мәселесін терең ашып, жас ұрпақтың бойында мейірімділік, татулық, адамгершілік, өзара құрмет сияқты құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған мазмұнды жұмыс көрсете білді.

Бұл марапат – ұстаздың кәсіби біліктілігі мен зор еңбегінің нәтижесі.

Құрметті Салтанат Қайрлиевна!

Сізді шын жүректен марапатыңызбен құттықтаймыз!

Шығармашылық шабыт, толағай табыс, кәсіби биіктер тілейміз!

Құтты болсын!

03.12.2025 09:27

Атырау сервис колледжінде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағының құтқарушы мамандары — Бахытжанұлы Арман және Қамаров Берік студенттермен кездесу өткізіп, қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері бойынша дәріс сабағын өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты — қыс айларында мұз үстінде жүрудің қауіптілігін, мұздың түсі мен ерекшеліктерін ажыратуды, сондай-ақ тыйым салынған белгілердің маңызын түсіндіру болды.

Құтқарушылар студенттерге төтенше жағдай орын алған кезде өзін-өзі ұстау ережелерін, мұз астына түсіп кеткен жағдайда алғашқы көмек көрсету тәсілдерін түсіндіріп, тәжірибелік кеңестермен бөлісті.

Осындай танымдық кездесулер жастардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады.

02.12.2025 09:19

Атырау сервис колледжінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында студенттерге арнайы қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндірме сабақ өткізілді. Іс-шара барысында оқытушылар мен жауапты мамандар өрттің туындау себептері, оның алдын алу жолдары, төтенше жағдай орын алған кезде дұрыс әрекет ету қағидалары туралы жан-жақты ақпарат берді.

Сабақтың негізгі мақсаты — өрттің алдын алу мәдениетін қалыптастыру, студенттердің өмір қауіпсіздігіне жауапкершілігін арттыру, қауіп туындаған сәтте шұғыл эвакуация ережелерін меңгерту және алғашқы көмек көрсету шараларымен таныстыру. Сонымен қатар, тұрмыста және оқу орнында өртті болдырмау үшін талап етілетін негізгі қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, өрт сөндіру құралдарын пайдалану тәртібі көрсетілді.

Бұл шара студенттер арасында қауіпсіздік дағдыларын нығайтып, төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған маңызды оқу-тәрбиелік жұмыстардың бірі болып табылады.

02.12.2025 09:16

2025 жылғы 10 қарашада №8 қалалық кітапхананың кітапханашысы Қанатова Гүлзада Рашидқызы және Атырау сервис колледжінің кітапханашысы Муханбетжанова Алия Орынғалиқызының ұйымдастыруымен, колледжіміздің «Тігінші-25» тобының студенттерінің қатысуымен Дүниежүзілік жастар күніне орай «Жастар – ел мақтанышы» атты ой талқысымен кездесу өткізілді.

Шара барысында қатысушылар:

Дүниежүзілік жастар күнінің тарихымен танысып,

«Қазіргі жастар немен айналысады?», «Заманауи жастар қандай болу керек?», «Болашақта кім боламын?» сияқты маңызды сұрақтарды талқылады,

Сергіту ойынына қатысып, бір-бірімен пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.

Ой талқыс жылы, достық атмосферада өтті, студенттер өз ойларын ашық айтып, пікірлерімен бөлісті. Шара жастардың белсенділігін арттыруға, өз болашағына бағыт қоюға және командалық рухты дамытуға үлкен үлес қосты.

📌 Атырау сервис колледжі – білім мен шығармашылықтың ұясы!

02.12.2025 09:12