03.12.2025 09:42

2025 жылдың 20-23 қараша аралығында Түркия елінде өткен GASTRO ANTALYA халықаралық фестивалі – әлемнің үздік аспаздары мен кондитерлерін бір алаңда тоғыстыратын беделді бәсеке. Бүгін де бұл фестивальдің бәсі биік, бағасы жоғары,соңғы алты жылдың ішінде осы алаңда 25 елден келген 400 мыңнан астам кәсіби маман мен жас шеберлер өзара сайысып, тәжірибе алмасқан.
Биылғы байқауда Атырау облысы Білім беру басқармасына қарасты «Атырау сервис колледжінің» 3-курс студенттері Исеналиев Ислам аспаз ісі құзыреттілігі бойынша III орын, ал Жетписханова Айжан II орын иеленді. Бұл – еліміздің білім беру саласы мен техникалық және кәсіптік мамандықтардың дамуындағы маңызды жетістік. Жас аспаздарымыздың бұл табысы – тынымсыз дайындықтың, кәсібіне деген адалдықтың жемісі.
Сонымен қатар әлеуметтік серіктестеріміз – ЖК «Бостан», қазақы үлгідегі «Сарқыт» мейрамханасының бас аспазы Құрманбеков Бағытжанға қолдау көрсеткендері үшін зор алғысымызды білдіреміз. Жеңіс құтты болсын.

03.12.2025 09:41

«Қауіпсіздік әлемі — қазіргі заман» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің күнделікті өмірдегі қауіпсіздік туралы түсініктерін қалыптастыру, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау, өмірі мен денсаулығын сақтаудың маңызын ұғындыру.

Тәрбие сағаты барысында студенттерге:

тұрмыстық қауіпсіздік ережелері;

төтенше жағдайлардың алдын алу жолдары;

қоғамдық орындардағы өзін-өзі ұстау мәдениеті;

онлайн қауіпсіздік пен кибергигиена талаптары түсіндірілді.

Сонымен қатар, аталмыш шара жасөспірімдердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, өз өмірі мен айналасындағылардың амандығына жауапкершілікпен қарауға бағытталды. Студенттер белсенді қатысып, тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті.

03.12.2025 09:41

ЖАНАШЫР. ЖАНАШЫЛ. ЖЕТЕКШ! кураторлар онкүндігі шарасы ұйымдастырылды.

☘️Осы негізде КМКҚ Атырау сервис колледжі кураторы Джулдаева Г.Т Наубайшы-19 және Аспаз -64 топтарында

“Z ұрпағының тілін анықтау формулалары” тақырыбында топ сағаты өтті.

📍Мақсаты: Z ұрпағының (2000 жылдан кейін туған жастардың) қарым-қатынас ерекшеліктерін, тілдік бейнесін және заманауи коммуникация құралдарын түсіну; ұрпақтар арасындағы тілдік көпірі.

Тіл үнемі өзгеріп отырады – бұл қалыпты жағдай.

Әрқашан жай ғана тыңдап, жаңа нәрсені үйрену ғана емес өз ойын білдіруге, әлемде өз орнын табуға, шындықты әзілмен сынауға тырысу.

03.12.2025 09:40

⠀   ҚР Ұлттық Банкі мен “Өрлеу” біліктілікті арттыру институты бірлесіп ұйымдастырған қаржылық сауаттылықты арттыру курсын сәтті аяқтадық.

Курс барысында жеке және отбасылық қаржыны басқару, жинақ жасау, инвестиция негіздері, қауіпсіз қаржылық шешімдер қабылдау бойынша маңызды білім мен дағдылар алынды.

📈 Қаржымен дұрыс жұмыс істей білу – әр адамға қажет өмірлік дағды.

 

03.12.2025 09:32

Шараның мақсаты – студенттердің бойында мейірімділік, жауапкершілік, адамгершілік қасиеттерін дамыту, сондай-ақ айналадағы адамдарға көмектесуге деген ниет пен құлшынысты қалыптастыру.

Челлендж барысында білім алушылар адамдарға және қоршаған ортаға қамқорлық танытып, бастамашылдық пен жанашырлық көрсетті. Олар көмекке мұқтаж жандарды қолдауға бағытталған игі істерге атсалысып, ізгіліктің маңызын айқын көрсетті.

Студенттер бірлік, адамшылық және өзара қолдау мәдениетінің қажеттілігін дәлелдеді.

Мұндай шаралар жастардың әлеуметтік белсенділігін, жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ ұжымда жағымды құндылықтар мен мейірімді атмосфера қалыптастыруға ықпал етеді.

Кондитер-13 тобына және олардың жетекшісіне белсенділігі мен үлгілі ісі үшін алғыс білдіреміз!