03.12.2025 09:47

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен және Атырау облысының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асып келе жатқан «Өзіміз болып шай ішейік» жобасының кезекті басқосуы өтті.
Бұл жолғы шараға қонақ ретінде «Атырау сервис колледжі» студенттері қатысып, еркін форматтағы кездесу жастар үшін көңілді әрі мазмұнды өтті. Басқосу барысында жас қатысушылар бір-бірімен жақынырақ танысып, ой бөлісіп, жаңа ортада өзара байланыс орнатуға мүмкіндік алды.
Ұйымдастырушылар студенттердің белсенділігі мен ынталы қатысқаны үшін ерекше ризашылықтарын білдірді.

 

03.12.2025 09:47

Атырау сервис колледжінде «Самға» жастар денсаулық орталығының мамандары студенттермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қазіргі уақытта өзекті болып отырған тақырыптар – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, ерте жүктіліктің алдын алу, физиологиялық даму ерекшеліктері, темекі мен нашақорлықтың зияны жөнінде түсіндірме лекция жүргізілді.

Сонымен қатар, мамандар жасөспірімдердің репродуктивтік және психикалық денсаулығын сақтау, өз-өзіне сенімді болу және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы туралы кеңінен әңгімеледі.

Кездесу соңында студенттер мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы жауаптар алды және өз пікірлерімен бөлісті.

Мұндай шаралар жастардың денсаулық мәдениетін қалыптастырып, өз өміріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.


 

03.12.2025 09:46

Атырау сервис колледжінде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағының құтқарушы мамандары — Бахытжанұлы Арман және Қамаров Берік студенттермен кездесу өткізіп, қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері бойынша дәріс сабағын өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты — қыс айларында мұз үстінде жүрудің қауіптілігін, мұздың түсі мен ерекшеліктерін ажыратуды, сондай-ақ тыйым салынған белгілердің маңызын түсіндіру болды.

Құтқарушылар студенттерге төтенше жағдай орын алған кезде өзін-өзі ұстау ережелерін, мұз астына түсіп кеткен жағдайда алғашқы көмек көрсету тәсілдерін түсіндіріп, тәжірибелік кеңестермен бөлісті.

Осындай танымдық кездесулер жастардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады.

2025 жылдың 6 қарашасы күні

Атырау сервис колледжінде

Атырау облыстық Білім беру басқармасының ұйымдастыруымен, облыстық прокуратура және полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен «Кәмелет жасына толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрмет сезімін қалыптастыру, қоғамдағы тәртіп пен жауапкершіліктің маңыздылығын түсіндіру болды.

 Кездесуге арнайы шақырылған спикерлер:

Хамзин Дулат Болатбекұлы – Атырау облысы Білім беру басқармасының бөлім басшысы;

Кенжегулов Нұрлыбек Хамитович – Атырау қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры.

Кездесу барысында студенттерге кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың себептері мен оның салдары, заң алдындағы жауапкершілік жайында кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, жастарды салауатты өмір салтына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуға шақыратын тәрбиелік бағыттағы маңызды ақпараттар берілді.

Іс-шара жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және заң талаптарын құрметтеуге бағытталған маңызды кездесу болды.

 

03.12.2025 09:44

Атырау қаласында өткен “Ұрпағыңмен мың жаса” жобасы аясында ауқымды жүгіру марафоны ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – әке мен бала арасындағы байланысты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және отбасылық спорт мәдениетін дамыту болды.

Марафонға Атырау облысы бойынша 250 бала мен 250 әке қатысып, үлкен белсенділік танытты. Осы ауқымды спорттық шараға біздің колледж атынан “Аспаз-73” тобының 1 курс студенті Заитов Артур әкесі Сариев Асылбекпен бірге қатысып, жоғары нәтижелерімен көпшіліктің ықыласына бөленді.

Нәтижелері:

Заитов Артур – 3 км қашықтықты 250 қатысушының ішінен 5-ші болып бағындырды;

Сариев Асылбек – 5 км қашықтықта 250 қатысушы арасынан 8-ші болып мәре сызығын қиды.

Жарыс қорытындысы бойынша Заитовтар отбасы арнайы сертификаттармен және медальдармен марапатталды.

Отбасылық үлгі-өнеге көрсетіп, колледжіміздің атын абыроймен танытқан Заитов Артур мен Сариев Асылбекті шын жүректен құттықтаймыз!

Жетістіктеріңіз молайып, жаңа белестерді бағындыра беріңіздер!

03.12.2025 09:43

Шараның негізгі мақсаты – әкелер мен балалар арасындағы байланысты нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ жас ұрпақтың білімге, ынтымаққа және белсенді өмірлік ұстанымға деген қызығушылығын арттыру.

Аталған байқауға Атырау сервис колледжінің атынан әке – Мендигалиев Рустембек және оның ұлы, “Наубайшы-19” тобының 1 курс студенті – Жумагалиев Ахмад Рустембекович қатысып, жоғары нәтижелер көрсетіп, арнайы сертификатпен марапатталды.

Бұл шара әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлінің ерекше маңызын айқындап, отбасы арасындағы өзара сыйластық пен қолдаудың құндылығын көрсетті. Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысатын әкелер қатары артсын деп тілейміз!

Қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!

Отбасыларыңызға амандық, береке және әлі де талай жетістіктерге жете берулеріңізді тілейміз!