20.02.2026 14:07

 

Чемпионат барысында әр құзыреттілік бойынша тәуелсіз сарапшылар әділ бағаларын қойып, қатысушылардың кәсіби деңгейіне жоғары баға берді. Сарапшылар студенттерге адал бәсеке рухын сақтап, биік нәтижелерге жетуге тілектестік білдірді.

Чемпионат 5 құзыреттілік бойынша ұйымдастырылды:

💇‍♀️ Шаштараз өнері

👩‍🍳 Аспаз ісі

🧵 Сән технологиясы

🧁 Кондитер ісі

🥖 Наубайшы ісі

Байқау барысында студенттер теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын ұштастырып, кәсіби шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті. Барлық тапсырмалар халықаралық стандарттарға сай орындалып, қатысушылардың бәсекеге қабілеттілігі сыналды.

Чемпионаттың басты мақсаты – студенттердің кәсіби құзыреттерін дамыту, үздіктерді анықтау және оларды алдағы өңірлік және республикалық кезеңдерге сапалы дайындау.

👏 Барлық қатысушыларды лайықты өнер көрсеткендері үшін құттықтаймыз!

Алдағы белестерді бағындыруға сәттілік тілейміз!

Еңбек пен шеберлік – табысқа бастар жол! 💪✨

#WorldSkills #AtyrauServiceCollege #КәсібиБілім #ЖастарЖетістігі

Атырау сервис колледжі базасында өткен колледжішілік WorldSkills чемпионаты өз мәресіне жетіп, сәтті аяқталды! 🎉

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

20.02.2026 14:06

Ауқымды іс-шараға ТжКББ әдістемелік орталығының мамандары, қаламыздағы қызмет көрсету саласы бойынша маман даярлайтын колледж оқытушылары, арнаулы пән және өндірістік оқыту шеберлері, сондай-ақ колледжіміздің әлеуметтік серіктестері қатысты.

Семинар барысында қатысушылар WorldSkills чемпионатының стандарттары мен талаптарымен танысып, халықаралық кәсіби құзыреттер жүйесінің маңыздылығын жан-жақты талқылады. Сонымен қатар студенттерді халықаралық деңгейдегі жарыстарға сапалы даярлау тетіктері қарастырылды.

Іс-шарада әлеуметтік серіктестер мен әдістемелік орталық мамандары, аудан колледждерінен келген әріптестер белсенділік танытып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Кәсіби даярлық сапасын арттыру бойынша нақты ұсыныстар айтылып, білім мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту жолдары айқындалды.

✨ Семинардың ерекше кезеңдерінің бірі – әлеуметтік серіктесіміз Ақбалиев Жанболат өткізген шеберлік сағаты болды. Практикалық бөлім барысында қатысушылар заманауи әдіс-тәсілдерді іс жүзінде көріп, кәсіби дағдыларын жетілдіру мүмкіндігіне ие болды.

🤝 Бірлескен жұмыс – сапалы білім мен білікті маман даярлаудың берік негізі!

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

20.02.2026 14:04

 

Семинардың негізгі мақсаты – халықаралық WorldSkills стандарттарын насихаттау, студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру болды. Іс-шара барысында қатысушылар WorldSkills қозғалысының талаптары, бағалау критерийлері және заманауи өндірістік технологиялармен танысты.

Сонымен қатар, мамандықтар бойынша кәсіптік бағдар беру мақсатында №3 және №16 мектептердің 9-сынып оқушыларына колледжге экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар оқу орнымыздағы материалдық-техникалық база, заманауи шеберханалар мен зертханалар жұмысымен танысты.

Мектеп оқушылары түрлі мамандықтардың қыр-сырымен танысып, колледж студенттерінің кәсіби шеберлігіне куә болды. Шеберханаларда өтіп жатқан колледжішілік «WorldSkills» байқауына қатысушы студенттердің практикалық жұмыстарын көріп, олардың шығармашылығы мен кәсіби дайындығына жоғары баға берді.

Іс-шара оқушылардың болашақ мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттырып, техникалық және кәсіптік білім берудің маңызын түсінуге мүмкіндік берді.

Атырау сервис колледжі – сапалы білім мен кәсіби шеберліктің ордасы!

Сіздерді заманауи әрі сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге шақырамыз!

Қош келдіңіздер! 🎓✨

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

20.02.2026 13:57

Атырау сервис колледжінде қаңтар айындағы «Заң және тәртіп» айлығы аясында студенттерге арналған «Жасөспірімдер және Заң» тақырыбында маңызды кездесу өтті.

Кездесуге Атырау қаласы прокурорының орынбасары Лукпанов Валерий Саясатович пен Ювеналды полиция бөлімінің аға лейтенанты Макуова Фаризат Саламатқызы қатысып, жастарға құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша құнды ақпараттармен бөлісті.

👮‍♂️👮‍♀️ Шара барысында: – қылмыстық жауапкершілік түрлері,

– кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты заң талаптары,

– буллинг пен кибербуллингтің алдын алу,

– қыздар мен ұлдар арасындағы жанжалдардың салдары

кеңінен түсіндірілді.

🎥 Сонымен қатар, тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп, студенттер өздеріне қажетті пайдалы мәліметтер алды. Еркін форматта өткен кездесу жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға деген жауапкершілігін күшейтті.

✨ Осындай кездесулер – тәртіпті қоғам қалыптастырудың маңызды қадамы!

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov