Фотогалерея

19.05.2025 10:55

13 мамыр күні Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығы Ө.Көшеков атындағы аграрлы-техникалық колледжінде “Озық тәжірибе- білім берудегі жаңашылдық кепілі” тақырыбында ТжКББҰ-ның химия -биология оқытушыларына арналған интеллектуалды сайыс өтті.

Мақсаты:ТжКББ ұйымдарының химия биология оқытушылары арасында үздік педагогикалық тәжірибені насихаттау.

Пән оқытушыларының цифрлық құзыреттілігін арттыру, заманауи технологияны пайдалану тәжірибесін ортаға салып панорамалық сабақ көрсету арқылы әдістемелік шеберлікті жетілдіру.

Аталған шараға колледжіміздің химия-биология пәні оқытушысы Джулдаева Г.Т катысып Алғыс хатпен марапатталды.

 

19.05.2025 10:50

2025 жылдың 12-16 мамыр күндері “Атырау сервис колледжі” аясында 1 курс студенттеріне 5 күндік оқу-далалық жиыны басталды.

Мақсаты:

– Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқу бағдарламасына толық орындау.

– Студенттердің әскери және спорттық дайындығын тексеру.

– Әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу.

19.05.2025 10:44

Атырау сервис колледжінде Халықаралық отбасы күніне орай “Отбасыммен өткізілген бір күн” челленджі өтті

✅15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Атырау сервис колледжінде ерекше форматтағы іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында 1-курс студенттерінің топ жетекшілері мен ата-аналарының қатысуымен “Отбасыммен өткізілген бір күн” атты челлендж өткізілді.

✅Бұл челлендждің басты мақсаты – ата-аналар мен балалар арасындағы байланысты нығайту, бір-біріне деген сенімді арттыру және отбасы құндылықтарын дәріптеу болды. Ата-аналар өз отбасыларымен бірге өткізген бір күнін суреттер, бейнематериалдар және әсерлі әңгімелер арқылы бөлісіп, керемет көңіл-күй мен жылы лебіздер сыйлады.

✅Іс-шараның ұйымдастырушысы – колледждің педагог-психологы Калиева А.Х. Челлендж ата-аналар тарапынан үлкен қолдау тауып, олардың белсенділігі мен шығармашылығы колледж ұжымының ризашылығына ие болды.

✅Мұндай бастамалар отбасылық қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, колледж бен ата-аналар арасындағы байланыс пен сенімді одан әрі тереңдете түседі.

15.05.2025 10:02

7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік салтанатты жиын ✅ Салтанатты жиында колледж директоры Ержанов Қуандық Қуанышұлы білім алушыларды мерекемен құттықтап марапаттады ✅ Worldskills Kazakhstan кәсіби шеберлік чемпионатының құрамдас бөлігі ” DalaSkills-2025″ І өңіраралық шеберлік чемпионатында ” Ұлттық тағамдар” құзіреттілігі бойынша ІІ орынмен Аманус Ислам Бекмуратович марапатталды.Жетекшісі Утепкалиева Райхан Сериковна ✅ Worldskills Kazakhstan кәсіби шеберлік чемпионатының құрамдас бөлігі “DalaSkills -2025” І өңіраралық шеберлік чемпионатында “Ұлттық құрақ өнері ” құзіреттілігі бойынша “Үздік маман” Дюсембай Айзат Ардаққызы марапатталды. Жетекшісі Айтжанова Меруерт Бахитовна ✅Атырау қаласында колледж студенттері арасында әскери-қолданбалы Облыстық сайыста ЖӘҚТ (жеке сайыс) “Аспаз-64″тобының студенті Қуатбаев Мақсат ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды Жетекшісі Сағынбаев Нұрбол Жұматұлы ✅ Салтанатты жиында “Жас сарбаз” клубы әскери-қолданбалыдан оқу -жаттығулары мен өнерлерін көрсетті.✅