Фотогалерея

18.03.2026 09:19

Шара барысында қатысушылар қазақтың ұлттық киімдерінің әрбір элементіне тоқталып, оның мән-мағынасы мен ерекшеліктерін таныстырды. Әсіресе, қыз балалардың көздің жауын алатын әдемі ұлттық киімдері мен әшекей бұйымдары көрермендерді тәнті етті. Күміс әшекейлер, камзолдар мен сәукелелер ұлттық нақыштың көркемдігін айқын көрсетті.

Мерекелік шара ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, жас ұрпақтың бойында ата-баба мұрасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыруға бағытталды. Осындай игі бастамалар арқылы студенттер рухани байып, ұлттық болмысты терең түсінуге мүмкіндік алады.

Ұлттық киім – халқымыздың айнасы, мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Сондықтан да оны ұлықтау – әрбіріміздің парызымыз!

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

17.03.2026 09:16

Атырау сервис колледжінде 17 наурыз – Шаңырақ күніне орай «Енші беру» дәстүріне арналған тәрбиелік шара ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеп, жас ұрпақтың бойына отбасыға деген құрмет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Іс-шара барысында колледж студенттері қазақтың бай салт-дәстүрлерін сахналық көрініс арқылы көрсетіп, «Енші беру» рәсімінің мәні мен маңызын жан-жақты таныстырды. Көрініс барысында ата-ана мен бала арасындағы сыйластық, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді асыл қасиеттер кеңінен насихатталды.

Сонымен қатар, қатысушылар ұлттық дәстүрлерді тамашалап, олардың тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлді. Шара студенттердің ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосты.

Осындай тағылымы мол шаралар жастарды ұлттық рухта тәрбиелеуге, ата-баба дәстүрін құрметтеуге баулиды

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

 

06.10.2025 15:42

Атырау сервис колледжінің шәкірттері ұстаздарын кәсіби мерекемен
құттықтап, ерекше көңіл күй сыйлады.
Әрбір ұстазға айтылған алғыс пен ізгі тілек – ең қымбат сый! ��

�� Ұстаздарға мың алғыс!
Сіздердің еңбектеріңіз – ел ертеңінің кепілі! ❤️

#АтырауСервисКолледжі
#ЕлдікЧелленджі
#ҰстазғаАлғыс
#ҰстаздарКүні
#МерейліМереке

03.10.2025 15:58

#МұғалімКүні2025, #ДеньУчителя2025, #МұғалімімеМыңАлғыс, #СпасибоВамУчитель.

23.09.2025 14:05

Бүгін Атырау сервис колледжінде қазақ халқының ұлы ғалымы, ағартушысы әрі саяхатшысы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды.

Шарамыздың ашылуында тарих пәнінің мұғалімі Тусипова Тлекши Әдебиетқызы сөз сөйлеп, Шоқанның қазақ ғылымы мен мәдениетіне қосқан орасан зор үлесіне тоқталды.

Шара барысында студенттер қазақтың біртуар перзентінің өмірі мен еңбектеріне тоқталып, оның ғылымға қосқан үлесін дәріптеді. Алғашқы болып сахна төріне 1-курс студенті Мұқашев Ислам шығып, «Ерке сылқым» атты халық күйін орындады. Оның әсерлі күй тартысы көрермендерді ерекше тәнті етті.

Одан кейін колледж студенттері Шоқан Уәлихановтың өмірі мен еңбектеріне арналған өлең-жырларды қазақ және орыс тілінде мәнерлеп оқып, көпшілікке рухани ой салды. Әрбір тақпақ жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарды құрметтеп, тарихи тұлғаларды үлгі тұтатынын айқын көрсетті.

Іс-шараның қорытынды бөлігінде студенттер тарихи сахналық көрініс қойып, «Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға кетердегі әкесімен қоштасу сәтін» шынайы бейнелеп көрсетті. Бұл қойылым көпшілікке ұлы тұлғаның азаматтық болмысы мен ғылым жолындағы қайсарлығын тағы бір қырынан танытты.

Атырау сервис колледжінде өткен бұл тағылымды кеш жас ұрпаққа Шоқан Уәлихановтың бай мұрасын насихаттап қана қоймай, отансүйгіштікке, білімге және өнерге деген құрметті арттыруға зор ықпал етті.

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov