Фотогалерея

19.05.2025 10:50

2025 жылдың 12-16 мамыр күндері “Атырау сервис колледжі” аясында 1 курс студенттеріне 5 күндік оқу-далалық жиыны басталды.

Мақсаты:

– Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқу бағдарламасына толық орындау.

– Студенттердің әскери және спорттық дайындығын тексеру.

– Әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу.

19.05.2025 10:44

Атырау сервис колледжінде Халықаралық отбасы күніне орай “Отбасыммен өткізілген бір күн” челленджі өтті

✅15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Атырау сервис колледжінде ерекше форматтағы іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында 1-курс студенттерінің топ жетекшілері мен ата-аналарының қатысуымен “Отбасыммен өткізілген бір күн” атты челлендж өткізілді.

✅Бұл челлендждің басты мақсаты – ата-аналар мен балалар арасындағы байланысты нығайту, бір-біріне деген сенімді арттыру және отбасы құндылықтарын дәріптеу болды. Ата-аналар өз отбасыларымен бірге өткізген бір күнін суреттер, бейнематериалдар және әсерлі әңгімелер арқылы бөлісіп, керемет көңіл-күй мен жылы лебіздер сыйлады.

✅Іс-шараның ұйымдастырушысы – колледждің педагог-психологы Калиева А.Х. Челлендж ата-аналар тарапынан үлкен қолдау тауып, олардың белсенділігі мен шығармашылығы колледж ұжымының ризашылығына ие болды.

✅Мұндай бастамалар отбасылық қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, колледж бен ата-аналар арасындағы байланыс пен сенімді одан әрі тереңдете түседі.

15.05.2025 10:02

7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік салтанатты жиын ✅ Салтанатты жиында колледж директоры Ержанов Қуандық Қуанышұлы білім алушыларды мерекемен құттықтап марапаттады ✅ Worldskills Kazakhstan кәсіби шеберлік чемпионатының құрамдас бөлігі ” DalaSkills-2025″ І өңіраралық шеберлік чемпионатында ” Ұлттық тағамдар” құзіреттілігі бойынша ІІ орынмен Аманус Ислам Бекмуратович марапатталды.Жетекшісі Утепкалиева Райхан Сериковна ✅ Worldskills Kazakhstan кәсіби шеберлік чемпионатының құрамдас бөлігі “DalaSkills -2025” І өңіраралық шеберлік чемпионатында “Ұлттық құрақ өнері ” құзіреттілігі бойынша “Үздік маман” Дюсембай Айзат Ардаққызы марапатталды. Жетекшісі Айтжанова Меруерт Бахитовна ✅Атырау қаласында колледж студенттері арасында әскери-қолданбалы Облыстық сайыста ЖӘҚТ (жеке сайыс) “Аспаз-64″тобының студенті Қуатбаев Мақсат ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды Жетекшісі Сағынбаев Нұрбол Жұматұлы ✅ Салтанатты жиында “Жас сарбаз” клубы әскери-қолданбалыдан оқу -жаттығулары мен өнерлерін көрсетті.✅