Фотогалерея

29.05.2025 10:17
22.05.2025 09:56

✅Репродуктивті денсаулық апталығы шеңберінде Атырау сервис колледжінің педагог-психологы студенттер арасында арнайы челлендж ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – жастардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру, репродуктивті сауаттылықты насихаттау және салауатты өмір салтын қолдау.

 

✅Челлендж барысында студенттер белсенділік танытып, өз ойларын шығармашылық форматта жеткізуге мүмкіндік алды

22.05.2025 09:55

🔹Атырау сервис колледжінде репродуктивті денсаулық апталығы шеңберінде колледждің психологы дене шынықтыру пәні оқытушыларымен бірлесе отырып, қыз балаларға арналған арнайы жаттығуларды қамтитын танымдық және тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырды.

 

🔹Іс-шараның мақсаты – жасөспірім қыздардың репродуктивті саулығын нығайту, өзін-өзі күту мәдениетін қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Жаттығулар дене мен жан саулығын үйлесімді ұштастырып, қатысушыларға жағымды әсер сыйлады.

#біртұтастәрбие

#Атыраубілім

#atyrau_bilim_bolimi

#atyrau_bilim

#bilim_sapasy_bagalau

#жемқорлыққажолжоқ

#isb_atyrau

#біртұтас_тәрбие

atyrau_servis_college

#tarbie_ortalygy_atyrau

#біртұтас_тәрбие_атырау

#құқықбұзушылық_атырау_2024

#нашақорлық_атырау_2024

#біртұтас_тәрбие_атырау_2024

#ертежүктілік_атырау_2024

22.05.2025 09:54

Атырау сервис колледжінде бітіруші түлектер мен бірінші курс білім алушыларына арналған маңызды психологиялық кездесу өтті. Іс-шараға колледждің педагог-психологы Калиева А.Х., Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының суицидологы, штаттан тыс психолог Ерекешова Нұрайым Сансызбайқызы, Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Карсанбаева Венера Естайқызы және колледждің медбикесі Урашева М. Д бірлесіп қатысты.

 

Кездесу барысында “Өзін-өзі бағалау мен өзін қабылдау” және “Таңдау үшін жауапкершілік” тақырыптарында терең мазмұнды психологиялық сұқбат жүргізілді. Мамандар студенттермен ашық диалог орнатып, түрлі әдістемелік жұмыстар ұйымдастырды.

 

Атап айтқанда:

  • Өзін-өзі тануға бағытталған аутотренингтер;
  • Жеке көзқарас пен ойлау қабілетін дамытуға арналған “Аяқталмаған сөйлем” әдісі;
  • Өзін-өзі қабылдау тақырыбында мотивациялық мини-лекция;
  • Ішкі күйзелісті төмендетуге көмектесетін тыныс алу жаттығулары;
  • Сонымен қатар жауапкершілік пен сенімділікке бағытталған практикалық тапсырмалар жүргізілді.

 

Кездесу өте мазмұнды әрі әсерлі өтті. Студенттер белсенділік танытып, өз ойларымен ашық бөлісті. Психолог мамандар мен студенттер арасында қызу пікір алмасу болып, әрбір қатысушы өзін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Іс-шараның басты мақсаты — жастардың психологиялық әл-ауқатын нығайтып, өмірлік таңдау мен жауапкершілікке саналы көзқарас қалыптастыру болды.

#біртұтастәрбие

#Атыраубілім

#atyrau_bilim_bolimi

#atyrau_bilim

#bilim_sapasy_bagalau

#жемқорлыққажолжоқ

#isb_atyrau

#біртұтас_тәрбие

atyrau_servis_college

#tarbie_ortalygy_atyrau

#біртұтас_тәрбие_атырау

#құқықбұзушылық_атырау_2024

#нашақорлық_атырау_2024

#біртұтас_тәрбие_атырау_2024

#ертежүктілік_атырау_2024

19.05.2025 10:55

13 мамыр күні Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығы Ө.Көшеков атындағы аграрлы-техникалық колледжінде “Озық тәжірибе- білім берудегі жаңашылдық кепілі” тақырыбында ТжКББҰ-ның химия -биология оқытушыларына арналған интеллектуалды сайыс өтті.

Мақсаты:ТжКББ ұйымдарының химия биология оқытушылары арасында үздік педагогикалық тәжірибені насихаттау.

Пән оқытушыларының цифрлық құзыреттілігін арттыру, заманауи технологияны пайдалану тәжірибесін ортаға салып панорамалық сабақ көрсету арқылы әдістемелік шеберлікті жетілдіру.

Аталған шараға колледжіміздің химия-биология пәні оқытушысы Джулдаева Г.Т катысып Алғыс хатпен марапатталды.