Бүгін Атырау сервис колледжінде қазақ халқының ұлы ғалымы, ағартушысы әрі саяхатшысы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды.
Шарамыздың ашылуында тарих пәнінің мұғалімі Тусипова Тлекши Әдебиетқызы сөз сөйлеп, Шоқанның қазақ ғылымы мен мәдениетіне қосқан орасан зор үлесіне тоқталды.
Шара барысында студенттер қазақтың біртуар перзентінің өмірі мен еңбектеріне тоқталып, оның ғылымға қосқан үлесін дәріптеді. Алғашқы болып сахна төріне 1-курс студенті Мұқашев Ислам шығып, «Ерке сылқым» атты халық күйін орындады. Оның әсерлі күй тартысы көрермендерді ерекше тәнті етті.
Одан кейін колледж студенттері Шоқан Уәлихановтың өмірі мен еңбектеріне арналған өлең-жырларды қазақ және орыс тілінде мәнерлеп оқып, көпшілікке рухани ой салды. Әрбір тақпақ жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарды құрметтеп, тарихи тұлғаларды үлгі тұтатынын айқын көрсетті.
Іс-шараның қорытынды бөлігінде студенттер тарихи сахналық көрініс қойып, «Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға кетердегі әкесімен қоштасу сәтін» шынайы бейнелеп көрсетті. Бұл қойылым көпшілікке ұлы тұлғаның азаматтық болмысы мен ғылым жолындағы қайсарлығын тағы бір қырынан танытты.
Атырау сервис колледжінде өткен бұл тағылымды кеш жас ұрпаққа Шоқан Уәлихановтың бай мұрасын насихаттап қана қоймай, отансүйгіштікке, білімге және өнерге деген құрметті арттыруға зор ықпал етті.
#tarbie_ortalygy_atyrau
#gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#tarbie_ortalygy_atyrau
#күшіміз_бірлікте
#talap.edu.kz
#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
#салауатты_өмір_салты
#tarbie_ortalygy_atyrau
Атырау Жастары
Кайрат Сисенов
Атырау Облысы Білім Басқармасы
Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov