Автордың жарияланымдары: admin

admin

06.10.2025 15:10

Құрметті ұстаздар, қадірлі әріптестер!

Сіздерді Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын Ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деген сөзі мұғалімнің ел болашағының іргетасын қалаушы ретінде маңызды рөлін дәлелдей түседі. Біздің міндет – білімді, адал, жаһандық бәсекеге қабілетті, озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу арқылы ел болашағының сенімді әрі сапалы негізін қалау.

Мұғалімнің жай ғана мамандық иесі емес, қоғамның озық тұлғасы ретінде беделін биіктеткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұстазды қоғамның басты кейіпкері ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыты деп айқындаған болатын.

Мемлекет басшысы мұғалімдердің құқықтық мәртебесін одан әрі нығайтуды тапсырып, бірнеше міндеттер жүктеді. Осыған байланысты біз Парламент Мәжілісімен бірге заңнамалық өзгерістерді жүзеге асыратын боламыз және осы жолы да ұстаздар қоғамдастығымен міндетті түрде ақылдасатындығымызды да атап өткім келеді.

Балаларымызға сапалы біліммен қатар, саналы тәрбие беру де педагогикалық қауымдастыққа жүктелген аса маңызды міндет. Оған мемлекет пен мектеппен қатар, ата-аналардың да атсалысуы өзекті.

🌹 Құрметті ұстаздар!
Баршаңызға келіп жеткен ұстаздар мерекесі құтты болсын! Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өнегелі еңбектеріңіз жемісті болсын!

03.10.2025 15:58

#МұғалімКүні2025, #ДеньУчителя2025, #МұғалімімеМыңАлғыс, #СпасибоВамУчитель.

30.09.2025 15:54

Атырау сервис колледжінің ардақты зейнеткер ұстазы Айтжанова Меруерт Бахитовнаны кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 🌹✨

Сіздің колледж қабырғасында атқарған ұшан-теңіз еңбегіңіз бен ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесіңіз – жас ұрпақ жүрегінде мәңгі сақталары сөзсіз. Ұстаздық жолдағы адалдығыңыз бен қамқорлығыңыз шәкірттерге әрдайым шамшырақ болып қала береді.

Сізге қажымас денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық пен шаттық тілейміз! 🙏💐

Құрметті ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

#ұстазғатағзым
#ТЖкб
#РақметҰстаз
#НашеТиПО
#ҰстазҒұмыры
#Мереке2025
#ТехникалықБілім
#БілімҚызметкерлеріКүні
#АлғысЛентасы
#ЕлдікЧеллендж
#gylym_jogarybilim
@bilim_sapasy_baqylau
@ishkisaiasat_atyrau
@gylym_jogarybilim
#біртұтас_тәрбие
#talap.edu.kz
#bilimim_otanyma
#біртұтас_тәрбие_атырау
#салауатты_өмір_салты
#tarbie_ortalygy_atyrau
@atyrau_bilim_basqarmasy