Атырау сервис колледжінде ел мерекесіне арналған қуанышты жаңалықпен бөлісеміз!
Республика күніне орай колледждің әлеуметтік серіктесі – «Eurasia Support Services» ЖШС өкілдері колледжге арнайы келіп, жұмысшы маман иелеріне қамыр жайғыш машинаны сыйға тартты.
Шараға:
👩💼 Адам ресурстарын басқару бөлімінің директоры – Ихданова Гаухар,
👨💼 Өндірістік қатынастар және мемлекеттік органдармен байланыс басқармасының жетекшісі – Орынғалиев Ғафур,
👨🏫 Кәсіподақ төрағасы – Көшенов Марал,
🤝 Әлеуметтік және еңбек қатынастары жөніндегі үйлестіруші – Әбеуов Думан қатысты.
Қонақтар колледждің оқу шеберханаларымен танысып, студенттермен жылы әңгіме жүргізді. Болашақ мамандарға бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта жұмысқа орналасу мәселесінде қолдау көрсететіндерін атап өтті.
Колледж әкімшілігі өз кезегінде серіктестікке шын жүректен алғыс білдіріп, екі жақтың ынтымақтастығы алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.
🎉 Республика күні құтты болсын!
Тәуелсіз еліміздің дамуы жолында еңбек ететін жастарымыздың болашағы жарқын болсын!
#RepublicDay #25Қазан #Декларация35жыл #МеніңҚазақстаным.




