Автордың жарияланымдары: admin

admin

03.12.2025 09:41

ЖАНАШЫР. ЖАНАШЫЛ. ЖЕТЕКШ! кураторлар онкүндігі шарасы ұйымдастырылды.

☘️Осы негізде КМКҚ Атырау сервис колледжі кураторы Джулдаева Г.Т Наубайшы-19 және Аспаз -64 топтарында

“Z ұрпағының тілін анықтау формулалары” тақырыбында топ сағаты өтті.

📍Мақсаты: Z ұрпағының (2000 жылдан кейін туған жастардың) қарым-қатынас ерекшеліктерін, тілдік бейнесін және заманауи коммуникация құралдарын түсіну; ұрпақтар арасындағы тілдік көпірі.

Тіл үнемі өзгеріп отырады – бұл қалыпты жағдай.

Әрқашан жай ғана тыңдап, жаңа нәрсені үйрену ғана емес өз ойын білдіруге, әлемде өз орнын табуға, шындықты әзілмен сынауға тырысу.

03.12.2025 09:40

⠀   ҚР Ұлттық Банкі мен “Өрлеу” біліктілікті арттыру институты бірлесіп ұйымдастырған қаржылық сауаттылықты арттыру курсын сәтті аяқтадық.

Курс барысында жеке және отбасылық қаржыны басқару, жинақ жасау, инвестиция негіздері, қауіпсіз қаржылық шешімдер қабылдау бойынша маңызды білім мен дағдылар алынды.

📈 Қаржымен дұрыс жұмыс істей білу – әр адамға қажет өмірлік дағды.

 

03.12.2025 09:32

Шараның мақсаты – студенттердің бойында мейірімділік, жауапкершілік, адамгершілік қасиеттерін дамыту, сондай-ақ айналадағы адамдарға көмектесуге деген ниет пен құлшынысты қалыптастыру.

Челлендж барысында білім алушылар адамдарға және қоршаған ортаға қамқорлық танытып, бастамашылдық пен жанашырлық көрсетті. Олар көмекке мұқтаж жандарды қолдауға бағытталған игі істерге атсалысып, ізгіліктің маңызын айқын көрсетті.

Студенттер бірлік, адамшылық және өзара қолдау мәдениетінің қажеттілігін дәлелдеді.

Мұндай шаралар жастардың әлеуметтік белсенділігін, жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ ұжымда жағымды құндылықтар мен мейірімді атмосфера қалыптастыруға ықпал етеді.

Кондитер-13 тобына және олардың жетекшісіне белсенділігі мен үлгілі ісі үшін алғыс білдіреміз!

 

03.12.2025 09:28

Атырау қаласының прокуратурасы ұйымдастырған “Буллингке қарсы ең үздік бейнеролик” байқауына белсене қатысып, шығармашылық қабілетімен ерекше көзге түскені үшін ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кенжебаева Салтанат Қайрлиевна Алғыс хатпен марапатталды.

Салтанат Қайрлиевна өз бейнеролигінде жасөспірімдер арасында өзекті болып отырған буллинг мәселесін терең ашып, жас ұрпақтың бойында мейірімділік, татулық, адамгершілік, өзара құрмет сияқты құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған мазмұнды жұмыс көрсете білді.

Бұл марапат – ұстаздың кәсіби біліктілігі мен зор еңбегінің нәтижесі.

Құрметті Салтанат Қайрлиевна!

Сізді шын жүректен марапатыңызбен құттықтаймыз!

Шығармашылық шабыт, толағай табыс, кәсіби биіктер тілейміз!

Құтты болсын!

03.12.2025 09:27

Атырау сервис колледжінде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағының құтқарушы мамандары — Бахытжанұлы Арман және Қамаров Берік студенттермен кездесу өткізіп, қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері бойынша дәріс сабағын өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты — қыс айларында мұз үстінде жүрудің қауіптілігін, мұздың түсі мен ерекшеліктерін ажыратуды, сондай-ақ тыйым салынған белгілердің маңызын түсіндіру болды.

Құтқарушылар студенттерге төтенше жағдай орын алған кезде өзін-өзі ұстау ережелерін, мұз астына түсіп кеткен жағдайда алғашқы көмек көрсету тәсілдерін түсіндіріп, тәжірибелік кеңестермен бөлісті.

Осындай танымдық кездесулер жастардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады.