Атырау сервис колледжінде Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағының құтқарушы мамандары — Бахытжанұлы Арман және Қамаров Берік студенттермен кездесу өткізіп, қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері бойынша дәріс сабағын өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты — қыс айларында мұз үстінде жүрудің қауіптілігін, мұздың түсі мен ерекшеліктерін ажыратуды, сондай-ақ тыйым салынған белгілердің маңызын түсіндіру болды.
Құтқарушылар студенттерге төтенше жағдай орын алған кезде өзін-өзі ұстау ережелерін, мұз астына түсіп кеткен жағдайда алғашқы көмек көрсету тәсілдерін түсіндіріп, тәжірибелік кеңестермен бөлісті.
Осындай танымдық кездесулер жастардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады.
2025 жылдың 6 қарашасы күні
Атырау сервис колледжінде
Атырау облыстық Білім беру басқармасының ұйымдастыруымен, облыстық прокуратура және полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен «Кәмелет жасына толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрмет сезімін қалыптастыру, қоғамдағы тәртіп пен жауапкершіліктің маңыздылығын түсіндіру болды.
Кездесуге арнайы шақырылған спикерлер:
Хамзин Дулат Болатбекұлы – Атырау облысы Білім беру басқармасының бөлім басшысы;
Кенжегулов Нұрлыбек Хамитович – Атырау қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры.
Кездесу барысында студенттерге кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың себептері мен оның салдары, заң алдындағы жауапкершілік жайында кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, жастарды салауатты өмір салтына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуға шақыратын тәрбиелік бағыттағы маңызды ақпараттар берілді.
Іс-шара жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және заң талаптарын құрметтеуге бағытталған маңызды кездесу болды.






