Автордың жарияланымдары: admin

admin

08.12.2025 15:54

Атырау сервис колледжінде жас маманның кәсіби жолдағы алғашқы қадамы ерекше форматта өтті. Ол «Мемлекеттік стратегиялар және Қазақстан Республикасының даму бағдарламалары» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, тыңдаушыларға еліміздің қазіргі даму бағыттары, ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттары және негізгі мемлекеттік бағдарламалар туралы мазмұнды ақпарат ұсынды.

Сабақ барысында:

• Қазақстанның стратегиялық құжаттары жан-жақты талданды;

• «Қазақстан–2050», «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам», ұлттық жобалар және өңірлік даму бағдарламалары қарастырылды;

• Студенттердің ойлау қабілетін дамытатын интерактивті тапсырмалар қолданылды;

• Қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, талқылауға белсенді қатысты.

Жас маман кәсіби шеберлігін көрсете отырып, заманауи педагогикалық әдістерді тиімді пайдаланып, сапалы білім берудің үлгісін танытты.

📸 Бұл ашық сабақ жас маманның болашақтағы үлкен жетістіктерінің бастауы болғай!

#serviscol

04.12.2025 12:22

 

3–9 желтоқсан аралығында өтетін бұл додада Атырау облысының намысын Атырау облысы Білім беру басқармасына қарасты Атырау сервис колледжі 5 құзыреттілік бойынша қорғауда. Бес құзыреттілікке 5 сарапшы және 5 қатысушы студент атсалысып, өз шеберліктерін көрсетуде.

Қатысушылар тізімі:

Аспаз құзыреттілігі: Исеналиев Ислам Бекмуратович

Кондитер құзыреттілігі: Маратова Марта Саматовна

Наубайшы құзыреттілігі: Жалғас Мақаш Сәкенұлы

Мейрамхана сервисі құзыреттілігі: Вейра Даниелла Юлиссис

Шаштараз өнері құзыреттілігі: Дугалева Кира Александровна

Дарынды студенттеріміз өздерінің кәсіби шеберлігін, білімдері мен дағдыларын паш етіп, облысымыздың абыройын асқақтатуға ниетті.

Барлық қатысушылар мен сарапшыларымызға сәттілік, жеңіс тілейміз!

#tarbie_ortalygy_atyrau

#gylym_jogarybilim

@bilim_sapasy_baqylau

@ishkisaiasat_atyrau

@gylym_jogarybilim

#біртұтас_тәрбие

#tarbie_ortalygy_atyrau

#күшіміз_бірлікте

#talap.edu.kz

#bilimim_otanyma

#біртұтас_тәрбие_атырау

#салауатты_өмір_салты

#tarbie_ortalygy_atyrau

Атырау Жастары

Кайрат Сисенов

Атырау Облысы Білім Басқармасы

Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov

03.12.2025 09:47

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен және Атырау облысының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асып келе жатқан «Өзіміз болып шай ішейік» жобасының кезекті басқосуы өтті.
Бұл жолғы шараға қонақ ретінде «Атырау сервис колледжі» студенттері қатысып, еркін форматтағы кездесу жастар үшін көңілді әрі мазмұнды өтті. Басқосу барысында жас қатысушылар бір-бірімен жақынырақ танысып, ой бөлісіп, жаңа ортада өзара байланыс орнатуға мүмкіндік алды.
Ұйымдастырушылар студенттердің белсенділігі мен ынталы қатысқаны үшін ерекше ризашылықтарын білдірді.

 

03.12.2025 09:47

Атырау сервис колледжінде «Самға» жастар денсаулық орталығының мамандары студенттермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қазіргі уақытта өзекті болып отырған тақырыптар – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, ерте жүктіліктің алдын алу, физиологиялық даму ерекшеліктері, темекі мен нашақорлықтың зияны жөнінде түсіндірме лекция жүргізілді.

Сонымен қатар, мамандар жасөспірімдердің репродуктивтік және психикалық денсаулығын сақтау, өз-өзіне сенімді болу және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы туралы кеңінен әңгімеледі.

Кездесу соңында студенттер мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы жауаптар алды және өз пікірлерімен бөлісті.

Мұндай шаралар жастардың денсаулық мәдениетін қалыптастырып, өз өміріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.