Іс-шараның мақсаты – қыз балалардың өзін-өзі бағалау деңгейін көтеру, олардың қоғамдағы рөлін айқындау, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу және өз күшіне сенімін арттыру болды.
Шараға 8 қалалық кітапхана меңгерушісі Мұханғалиева Айсұлу Сулейменовна және колледжіміздің ұстазы Есмағамбетова Күлшәт Темірғалиевна арнайы қатысып, қыз тәрбиесі, білімнің маңызы мен парасаттылық жайында әсерлі ойларымен бөлісті. Қонақтар өз тәжірибелерінен мысал келтіріп, қыз баланың табандылығы мен білімге құштарлығы – оның басты күші екенін атап өтті.
Сонымен қатар колледж психологы Жазира Бекетқызы қыздарға арналған психологиялық тренинг өткізіп, қатысушылармен еркін форматта жұмыс жүргізді. Тренинг барысында өзін-өзі тану, ішкі қорқыныштарды жеңу, жеке шекараны қорғау, сенімді қарым-қатынас орнату тақырыптары қозғалды. Қыздар түрлі жаттығулар арқылы өз ойларын ашық айтып, бір-біріне қолдау көрсетті.
Шара соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті. «Қыз болу – күш» атты бұл іс-шара қыздардың бойындағы сенімділік пен жігерді нығайтып, жаңа мотивация сыйлаған тағылымды кездесу болды.
#tarbie_ortalygy_atyrau #gylym_jogarybilim @bilim_sapasy_baqylau @ishkisaiasat_atyrau @gylym_jogarybilim #біртұтас_тәрбие #tarbie_ortalygy_atyrau #күшіміз_бірлікте #talap.edu.kz #bilimim_otanyma #біртұтас_тәрбие_атырау #салауатты_өмір_салты #tarbie_ortalygy_atyrau Атырау Жастары Кайрат Сисенов Атырау Облысы Білім Басқармасы Атырау Облысы Ассамблея Жастары @oqu_agartu_ministrligi prokuror_aitimov






